Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сәрсенбі, 06 Қыркүйек 2017 17:27

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында

2017 жылғы 5, 6 қыркүйек күндері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын, «Туған жер» бағдарламасын іске асыруға тұжырымдамалық тәсілді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) түсіндіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және оны пайдалану қағидаларын түсіндіру шеңберінде «Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ-нің басшысы мен қызметкерлері «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің қызметкерлерімен бірлесіп, Павлодар қаласының ауылдық аймағының Жетекші, Павлодар, Кенжекөл ауылдарына көшпелі іс-шаралар өткізді.

Іс-шара барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға қатысты, оның ел азаматтары үшін ықтимал әсері мәселелері көтерілді. Сондай-ақ, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша көптеген сұрақтар қойылды, азаматтың мәртебесі, аударымдар сомасы қалай анықталатыны және аударымдардың қалай жүргізілетіні азаматтарды ерекше қызықтырды. Барлық сұрақтарға құзыретті мамандармен толыққанды жауаптар берілді.

Тыңдаушылар контингентін мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер, ауыл тұрғындары құрады. 

Оқылды 252 рет