Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Бейсенбі, 07 Қыркүйек 2017 12:51

Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтаңыздар!

Павлодар қаласы бойынша плитада әзірленіп жатқан тамақты бақылаусыз қалдыру, қоқыс жинағыштағы қоқыстың өртенуі, тұрғын үйлердің жертөле үй-жайларындағы қоқыстардың өртенуі жылылық өтетін жолдың өртенуі сияқты жағдайлардың орын алуына байланысты, 2017 жылғы 7 тамызда қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы мемлекеттік инспекторларымен Павлодар қаласы бойынша өрт қауіпсіздігінің алдын алу және тұрғын секторының өртенуіналдын алу мақсатында бойынша мониторинг өткізді.

Инспекторлармен қаланың аса осал учаскелері таңдалды, бұл Академик Бектұров көшесінің 350, 352, 354, 358, 356 үйлері және Гагарин көшесінің 14,15,18 үйлері мекенжайында орналасқан қалқаннан жиналған ағаш үйлер. Жалпы 40 пәтердің 86 тұрғыны қамтылды.

Іс-шара барысында құлақтандыру жүйесі бар арнайы көлік тартылды, жергілікті полиция қызметкерлері де шараға қатысты.

Рейдте ТЖ басқармасы қызметкелерімен тұрғындарға өрт қауіпсіздігінің қағидалары түсіндірілді, сондай-ақ жадынамаларды таратылды.

Соңғы 8 айда болған өрт статистикасы өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің плитадағы тамақтың қалып қою жағдайына шығудың 50 фактісі, қоқыс жинағыштағы, қоқыс контейнерлерінде және жертөле үй-жайларында қоқыстың өртенуіне шығудың 500 фактісі, сондай-ақ қыс мезгілінде тұрғылықты тұратын жерлері жоқ адамдардың жылылық өтетін жолда отпен абайсыз болу жағдайынан шығуы тіркелген.

Көрсетілген кезеңде өрт кезінде қаза тапқан адамдардың 10 фактісі тіркелді, оның 6 мас күйінде болған. Зардап шеккендер 13, олардың 8-і улы газбен улану салдарынан болған. Өрт кезінде 92 адам құтқарылды, 124 адам эвакуацияланды.

Көптеген жағдайларда плитада тамақты байқаусыз қалдыратындар әлеуметті төмен тұрғындар, нақты айтсақ мүгедектер мен зейнет жасындағы адамдар.

ОЛ келесідей негізді орын алады: таңертең саяжайға не болмаса зейнетақысына баруға жиналып тамақты плитаға жылтуға қойып қойып, кейіннен қосылған плитаны ұмытып кетіп жұмыстарымен шығып кетіп жатады.

Осы рейдтің мақсаты – тұрғындардың назарын өрт қауіпсіздігінің қарапайым қағидаларын сақтауға тарту, сондай-ақ тұрғылықты тұратын мекенжайы жоқ адамдардың кінәсынан болатын өрттің алдын алу.

Павлодар қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы барлық қала тұрғындарын өрт қауіпсіздігінің қағидаларын сақтауға, плитада әзірленіп жақтан тағамды байқаусыз қалдырмауға, жертөле үй-жайларына, қоқыс сыймдылықтарына темекі тұқылын тастамауға, рұқсат берілмеген жерлерде от жақпауға, өзіңіз тұрған аумақты және жақын орналасқан аумақты қоқыс, құрғақ шөптен тазартуға шақырады.

Қала тұрғындарына үлкен өтініш өздеріңіз тұрып жатқан аумақтарды таза ұстап және де жақын жерлердегі қоқыстарды, құрғақ шөптерді, қиларды тазартулаңызды сұраймыз!

Солай ғана Сіз өз өміріңізді және сізге жақын адамдардың өмірлерін қайтымсыз салдардан қауіпсіз ете аласыз!

Өрттің туындағанын байқаған кезде мүдіртпей шұғыл қызметтерінің «101», «112» нөмірлеріне хабарлаңыздар!

 

Оқылды 273 рет