Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Жұма, 08 Қыркүйек 2017 17:32

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ІШКІ ІСТЕР БАСҚАРМАСЫ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАЙДЫ

Павлодар қаласындағы абаттандыру жұмыстарын жүргізу шаралары кезіндегі жүргізілген айлықтың аясында Павлодар қаласы ІІД жергілікті полиция қызметімен 2016 жылғы 3 ақпандағы Павлодар облысы мәслихатының № 427/48 шешімімен бекітілген жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидалары, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың ережесіне сәйкес, заңды және жеке тұлғаларға бекітілген аумағын таза ұстау қажеттігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сонымен қатар көптеген бірқатар кәсіпорындарға, ұйымдарға және басқа да бизнес объектілеріне 123 ескерту жазылды.

Шараларды өткізу барысында ескертуде жазылған талаптарды орындамағаны үшін ҚРӘҚБК 505 бабына сәйкес 12 әкімшілік хаттамалар толтырылды және де 158 830 теңге көлемінде айыппұл салынды.

-  Павлодар қаласының абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін Кутузов көшесі 278 мекенжайы бойынша орналасқан дүкеннің иесі, 17.03.1984 ж.т. азамат М. Гарданов дүкенге тиісті аумақтағы анықталған бұзушылықтарды жоймағаны үшін ҚРӘҚБК 505 бабы, 2 тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік тәртіптік жаза ретінде 30 АЕК 68 070 теңге көлемінде айыппұл салынды.

- Павлодар қаласының абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін Кутузов көшесі 46/1 мекенжайы бойынша орналасқан гүлдер дүкенінің сатушысы, 13.12.1993 ж.т. азаматша А. Бахмет, 30.08.2017 жылы сауда дүкенін сырлау барысында ағаштың бұтақтарын сындырғаны үшін, жасыл екпелерді жойып және зиян келтіргені абаттандыру ережесін бұзғаны үшін, ҚРӘҚБК 505 бабы, 1 тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ескерту түрінде әкімшілік тәртіптік жаза берілді.

-  Павлодар қаласының абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін Баймульдин, 5 көшесі бойынша орналасқан «Надежда» дүкенінің иесі, 03.02.1964 ж.т. азамат Я. Алиев дүкенге тиісті аумақты тиісті қалыпқа келтірмегені үшін ҚРӘҚБК 505 бабы, 1 тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ескерту түрінде әкімшілік тәртіптік жаза берілді.

-  Чайковский, 5 көшесі бойынша Павлодар қаласының абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 03.03.1977 жылғы туылған азаматша А. Ташибаева үшін ҚРӘҚБК 505 бабы, 1 тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік тәртіптік жаза ретінде 20 АЕК 45380 теңге көлемінде айыппұл салынды.

 

Павлодар қаласы ІІД ЖПҚ

Оқылды 254 рет