Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Жұма, 08 Қыркүйек 2017 17:57

Жылу беру маусымына дайындық

Павлодар қаласының тұрғын үй қорында  жылу беру маусымының іске қосылуы 18 қыркүйектен бастап жоспарлануда деп қалалық ТҮКШ бөлімінде хабарлады. Барлық үйлердің жылу желілері толыққанды толтырылғаннан кейін жылу шамамен 25 қыркүйекке қарай болады – деп, ТҮКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Алмас Мусинов атап өтті.

Жылу беру маусымының бас кезіндегі ыстықтарда жертөлелерінде есептеу құрылғылары орнатылған үйлердің тұрғындарына аса күрделі мәселе бола қоймайды, олар жылуды  қажеттілігінше қосып алуға болатынын тұрғын үй инспекциясы бөлімі ерекеше атап өтті.

Дегенмен, Жылу желілері апат болған желілерді қалпына келтіру жүмыстарын әлі де жалғастыруда. «Павлодар жылу желілері» ЖШС бас директорының орынбасары Сергей Панихын айтуынша, Тамыз айыз айының соңғы күндері ТЭЦ-1 желілерінде гидравликалық сынақтар жүргізіліп, магистральды құбыр желілерінде ақаулар орын алған. Құбырлардың тотығуларына байланысты оларды толықтай ашуға тура келген. Қазіргі уақытта оларды айырбастау жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар аяқталысымен магистраль бірден іске қосылады.

Қалалық тұрғын үй инспекциясы хабарлағандай, көпқабатты тұрғын үйлердегі барлық ақауларды жою жұмыстары  15 қыркүйекке дейін аяқталуы қажет. Павлодар қаласында сегіз жүзден аса тұрғын үй дайын екені туралы актілерін алды. Бұл жалпы санның 80 % және бұл бір күнде бәріне жылу беріледі деген сөз емес – деп, тұрғын үй инспекциясы секторының меңгерушісі Елена Мешкова өз сөзінде атап өтті. 15-нен бастап әлеуметтік маңыздағы мекемелер қосылады – мектеп, балабақша, денсаулық сақтау мекемелері. Содан кейін барып тұрғын үй қоры. Бұның барлығы қатаң түрде бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылады және әрбір ПИК алдын ала жылу беру ескертулерін алады.

Оқылды 211 рет