Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сейсенбі, 12 Қыркүйек 2017 14:47

«УМНЫЙ ДОМ» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ ҚОЛДАНЫСҚА ҰСЫНЫЛДЫ

Бүгін «Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бағдарламаны әзірлеушілермен бірге «Умный дом» мобильді қосымшасын ұсынды. «Умный дом» - бұл, коммуналдық қызметтерді бақылау, мәселелі үйлерді бақылауға, тұрғындардың өтініштерін қарап және туындаған мәселелер бойынша хабарлауға болатын тұрғындарға арналған өзіне мобильді қосымшаны қамтыған жүйе.

Ағымдағы жылдың 4 шілдесі күні жұмыс тобының отырысы болды, онда бағдарламаны әзірлеушілермен бағадарламаны қамтамасыз етудің 3 түрлі бағдарламасы ұсынылды. Ақысыз негізде бағдарламаны жасау туралы ұсынысты ескере отырып және техникалық талаптарға сәйкес, жұмыс тобы «BFGroup» ЖШС компаниясының «Умный дом» бағдарламасын таңдауға шешім қабылдады.

Қазіргі таңда, «BFGroup» ЖШС бағдарламалық қамтамасыз ету базасын қолда бар ескертпелерді ескере отырып толтыру жұмыстарын жүргізуде.

Қазіргі уақытта «Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бағдарламаны әзірлеуші «BFGroup» ЖШС, ПИК және қаланың коммуналдық кәсіпорындарымен бірлесіп осы қосымшаның бағдарламалық қамтамасыз етуін тексеруде.

- «Умный дом» қала тұрғындары үшін әзірленді және көп пәтерлі тұрғын үйде пәтер иелерінің ақпараттандыруын қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарлама бойынша тұрғын үй иесі өз үйінің толық мәліметі мен сипаттамасы, қызмет көрсетуші ұйым туралы ақпараттармен таныса алады. Сонымен қатар бағдарлама арқылы өтініш беру, алдағы жиналыс немесе Пик есеп беруі туралы хабарламамен танысу мүмкіндігі бар, - деп атап өтті Қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы Қизат Жақыпов.

Сондай-ақ тұрғын үй инспекциясының мәлімдеуі бойынша: «Тұрғын үй инспекциясы Пик ассоцициясымен бірлесе отырып Пик өкілдерінің тұрақты түрде осы бағдарлама бойынша оқыту жүргізілуде. Қазірдің өзінде комуналдық кәсіпорындардың және басқаратын ұйымдардың қатысуымен 10-нан астам презентациялар өткізілді»

Оқылды 264 рет