Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сейсенбі, 12 Қыркүйек 2017 14:50

Павлодар қаласында үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнату бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде

Павлодар қаласының тұрғын үйлерінде жылу энергиясын есепке алу құралдарын орнату бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда 716 тұрғын үйде 823 есепке алу құралдары орнатылған. 2017 жылға жоспарланған 272 есепке алу құралдарының 226 ОПУ орнатылған, бұл жалпы санның 83 % құрайды.

«Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы» ММ бөлімінің бас маманы атап өткендей: - ұтымды және энергия үнемдеу жағдайында, энергия үнемдеу мүлкінің орнатылуы жылу энергиясының шамамен 30 % - ын үнемдейді, яғни үнемдеу Гкал жылу энергиясының нақты тұтынуын есепке алу нәтижесінде іске асырылады, бұл өз кезегінде көппәтерлі үйлердің тұрғындарына өте тиімді.

Орнатылған есепке алу құралдарының бағасы ЖШС "Павлодарэнергосбыт" түбіртектерімен бірге 42 айға дейін мерзімде бөліп төленуге тиіс. Әр пәтер иесіне төленілуге тиіс қаржы үйдің аумағына және тұрғын үйдегі пәтер санына тәуелді.

2016 жылғы сәуір айынан бағдарламалау және комерциялық есепке қою қажеттілігіне байланысты бойынша есепке алу құралдарының есебі жүргізілген.

Қаржы лизингі шарты шеңберінде қойылған есепке алу құралдары, алғашқы салыстырып тексеруден кейін (4 жыл) тұрғындар меншігіне өтеді. Алғашқы тексеру қуатберуші кәсіпорын ЖШС "Павлодарские тепловые сети" қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Кейінгі есепке алу құралдарының тексерісін ұйымдастыруға пәтер иелері өз бетінше таңдауға құқылы.

Есепке алу құралы тұрғын үй жылу тарату жабдығының дайындығына әсер етпейді және нақты тұтынылған жылу энергиясын есепке алу үшін орнатылады.

2016-2017 жылы, жылу энергиясын есепке алу құралдарын орнату АҚ «ТҮКШ дамыту қоры» мен "Павлодарские тепловые сети" ЖШС және «Авентис групп» ЖШС арасында қаржылық лизинг шарты бойыншажүзеге асырылады. 2016 жылы 656 есепке алу құралдарынан 384-і орнатылды . Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап 272 есепке алу құралының орнатылуы жалғасын табуда.

2017 жылға жоспарланған жалпы үйлік жылу энергиясын қамту құралдарын ескере отырып,көпқабатты тұрғын үйлердің есепке алу құралдармен қамтылуы 75 % құрайды (914 үй).

Оқылды 178 рет