Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сәрсенбі, 13 Қыркүйек 2017 17:44

Павлодар қаласында абаттандыру, көркейту және санитарлық тазалау айлығы жарияланды

 

Павлодар қаласы әкімдігінде өткен баспасөз брифингінде қала әкімінің орынбасары Акильбеков Б. А «2017 жылдың 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында Павлодар қаласының аумағында абаттандыру мен санитарлық тазалау айлығын өткізу жоспарланғаны» туралы хабарлады.

Павлодар қаласы әкімдігінің «Павлодар қаласы аумағында абаттандыру және санитарлық тазалау іс-шараларын өткізу туралы» қаулысына сәйкес 2017 жылдың 15 қыркүйек - 15 қазан аралығында абаттандыру және санитарлық тазалау айлығы өткізіледі. 16, 23, 30 қыркүйек, 7,1 4 қазан күндері жалпы қалалық сенбілік өткізіледі.

Қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысының орынбасары Николай Казанинның ақпараты бойынша, айлық өткізу кезінде, қаланы көріктендіруді қамтамасыз ететін мердігер ұйымдармен; шыныларды жуу және ауыстыру, аялдама павильондарын жөндеу және сырлау, қала көшелерінің бойындағы қоршауларды сырлау, жөндеу және түзету,бағдаршамдардың шамдарын ауыстыру және линзаларын жуу,қала көшелерінің бойындағы белгілердің шағын түрлерін сырлау, қалаішілік аумақты ІГҚ пен стихиялық қоқыс жиынынан тазарту, қоқыс жәшігін жуу және сырлау бойынша жұмыс күшейтілетін болады.

Сонымен қатар, Павлодар қаласында 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өтетін абаттандыру және санитарлық тазалау айлығында ірі кәсіпорындар, шағын және орта бизнес, мемлекеттік мекемелер мен білім беру мекемелері өздеріне бекітіліп берген аумақтарға сенбілікке шығады. Сондай-ақ, қалалық маслихат депутаттары өз окгругтері бойынша іске тартылады және жергілікті полиция қызметінің өкілдері де іске тартылаиын болады. Олар сол жерде «Павлодар облысының қалалар мен елді мекендер аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады. Бекітілген аумақтарда орналасқан шағын және орта бизнес субъектілерінің меншігіндегі аумақты жинау жұмыстарын ұйымдастыру үшін 91 қоғамдық автокөлік қозғалысы бар қала көшелері облыстық және қалалық әкімшілік мемлекеттік мекемелеріне бекітілген.

Сенбіліктерді өткізу кезінде жиналған қоқысты өткізу мен шығаруға және топырақ жабындысымен жабылған автокөлік жүретін жолдарды теңестіру мақсатында «Павлодар қаласының ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ 100-ден астам бірлік автокөлік бөлінеді (автосамосвалдар -70 бірлік, тиегіштер- 30 бірлік, автогрейдерлер – 5 бірлік)

Әрбір мердігер ұйымға өтінімдерге сәйкес бөлу бөліммен жүргізілетіні туралы, қоқыс шығару үшін техниканы беру туралы жазбаша өтініш пен телефонограммалар жіберілді.

Сондай-ақ ТҮКШ бөлімі,- сенбілік өткізу кезінде қоқыс полигонында тұрмыстық қалдықтарды қабылдау тегін және қала көшелерін күтіп ұстаушы мердігер ұйымдармен сенбілік өткізуден жиналған қоқысты әкету, тиеу үшін 4 бригада ұйымдастырылатыны туралы атап өтті.

Брифинг барысында ардагерлер кенесінің төрағасы – Нұрбаев А. Н, қалалық маслихаттың хатшысы З. Қ Мұқашева және қалалық маслихат депутаттары өз кезегінде қала тұрғындарын сенбіліктерге белсенді қатысып туған қаласының тазалығына өз үлесін қосуға шақырды.

Оқылды 216 рет