Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Жұма, 15 Қыркүйек 2017 09:30

Қалалық тұрғын үй инспекциясында Павлодар қаласының жылу беру маусымына тұрғын үй қорының дайындығы туралы мәлімдеді

Қалалық тұрғын үй инспекциясында Павлодар қаласының жылу беру маусымына тұрғын үй қорының дайындығы туралы баяндады. Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі меңгерушісінің орынбасары Әнуарбек Амановтың мәліметі бойынша, бүгінгі күнге 476 көппәтерлі үйде барлық жұмыстар 100 % - ға аяқталды. (жуу, ішкі жүйені қысымдау, жылу торабы, сужылытқыштар элеваторларын пломбалау).

ПИК күн сайын 190 үйде ескертулерді (жылу бөліктерін бояу, тексеру, қысымды өлшеу қондырғыларын орнату, паранит мөрлерін орнату) жоюда. 558 көп қабатты ғимарат 80%- дан астамы дайын. (ішкі жүйесін жуусыз).

Бұдан басқа, Павлодар қаласының 25 тұрғын үйінде ПИК-тың 6 төрағасын қайта сайлау және сервистік компаниялардың ауысуы жүргізілді. Тұрғын үй инспекциясы 196 тұрғын үйді қамтитын жоспардан тыс тұрғындардың өтініштері бойынша 20 тексерісті жүзеге асырды, тексерістің нәтижесі бойынша ПИК-тың 9 басшысы жауапқа тартылды.

Ресми түрде Павлодарда жылу маусымы 18 қыркүйектен басталады және тұрғындар өздерінің тұрғын үлерінің дайындығы туралы жуырда ғана қала тұрғындарына таныстырылып қолданылысқа енгізілген «Ақылды үй» қосымшасынан біле алады.

Оқылды 185 рет