Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Дүйсенбі, 18 Қыркүйек 2017 17:09

Павлодар қаласын абаттандыру және санитарлық тазалау айлығы бойынша бірінші сенбіліктің қорытындысы

Павлодар қаласында абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша айлығы бастау алды.

2017 жылғы 16 қыркүйек күні 15 мың қала тұрғыны, 2000-нан астам кәсіпорын ұжымдарының және шағын және орта бизнес ұйымдары, мемлекеттік мекемелер, ЖОО және колледждердің қатысуымен алғашқы күзгі сенбілік өткізілді. Қала шартты түрде 4 секторға бөлінді. Әр сектордың жай-күйіне облыстық және қалалық қызметтер жауапты болды.

Коммуналдық қызметтердің есебі бойынша қоқыстан қала аумағының 22 мың шаршы метрі тазаланды, ірі кәсіпорындардың, шағын және орта бизнес нысандарының аумағынан 3 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған. Арнайы мамандандырылған 110 бірлік техника жұмыс жасады. Сенбілік кезінде тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыстарды қабылдау тегін жүргізілді.

Қаланы көгалдандыру бойынша жұмыстары жалғастырылды. Мемлекеттік мекемелерге және кондоминиумды басқармаларға өздеріне тиісті аумақтарға отырғызу үшін тегін түрде 1000 түп қарағай, пирамидалы теректер, шетен және бұталар берілді.

Айлықты өткізу кезінде шыныларды айырбастау, жуу, аялдама павильондарын сырлау және жөндеу, қала көшелеріндегі жол жиегіндегі қоршауларды сырлау және жөндеу жұмыстары күшейтіліп, жол жүру белгілерін дұрыстау және сырлау, логистикалық белгілерді жөндеу және сырлау, бағдаршам нысандарының шамдарын айырбастау және линзаларды жуу, жолдардың бөліктерін белгілеу, шағын нысандарды сырлау, ішкі аумақтарды тазалау сынды жұмыстар жүргізілді.

Қала жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жүру жолдарында оңтайлы жағдайлар жасау мақсатында көшелердегі ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғастырылуда. Ағымдағы жөндеу жұмыстары барысында қала көшелері мен жолдарына 200 мыңнан астам шаршы метр асфальт төсемесі төселді.

Аталмыш жұмыстардың маңыздылығы ескеріле отырып, халық арасында экологиялық және әлеуметтік-моральдық мәдениет қалыптастыра отырып дәл осы бағытта тұрақты негізде жүзеге асырылуда. Тек мемлекеттік мекемелер, қоғам мен тұрғындардың күш-жігерін біріктіре отырып қана біз өз сүйікті қаламызды бұрынғыдан да әдемі және көрікті ете аламыз.

Оқылды 263 рет