Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сәрсенбі, 20 Қыркүйек 2017 15:24

Павлодар қаласы әкімдігінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі қалалық сараптау кеңесінің бірінші отырысы болып өтті

Павлодар қаласы әкімдігінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі қалалық сараптау кеңесінің бірінші отырысы болып өтті.

Төрағалық етуші, «Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Е.М. Рахымжанов осы кеңес «Рухани жаңғыру» бағдарламасын тереңірек зерттеп, белсенді түрде ілгерілетуге көмектесетінін атай отырып, ол өз кезегінде бүкіл Қазақстанның дамуына ықпал ететінін алға тартып қатысушылардың алдына кіріспе сөзбен шықты. Оны С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы және мәдениеті институтының директоры,тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Қ.Батталов қолдады, ол тұтастай бүкіл «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, сондай-ақ оның кіші бағдарламаларының мақсаттары мен міндеттерін анағұрлым толығырақ ашып, сипаттап берді.

Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын шетелде ілгерілетуге қатысты «Павлодар – Москва города, создающие проекты» атты қызықты баяндамамен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің практикалық психология және педагогика ғылыми-білім беру орталығының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.Д. Қайырбекова сөз сөйледі, ол өз тарапында «Рухани жаңғыру» жобасын іске асыру кезінде қоғамға болашаққа қадам жасау керек – мықты және жауапты адамдардың неғұрлым топтасқан біртұтас ұлтын жасауға жақындай түсу керек дегенге назар аударды. Және бұл жерде, ең маңыздысы бұл ішкі ниетін және өзгерістерге дайындығын есте сақтау.

Сондай-ақ, отырыс барысында кеңестің басқа қатысушыларының пікірлері тыңдалды, олардың ішінде «Нұр Отан» партиясы ПҚФ төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихаттың депутаты Н.А. Ахметова, Павлодар қаласының құрметті азаматтары Ш.Б. Байғалы, С.А. Горбунов, «Международное общество Қазақ тілі» ҚБ Павлодар облыстық филиалының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі С.А. Әйтенов болды.

Соңында, осы кеңестің отырыстары айына бір реттен кем емес өтеді деп шешілді.

Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімі

 

 

Оқылды 155 рет