Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Жұма, 22 Қыркүйек 2017 10:04

Павлодарда өрт қауіпсіздігі бойынша айлық өтуде

Павлодарда өрт қауіпсіздігі бойынша айлық өтуде. Қаланың барлық елді мекендерінде тұрғын үй секторында аралау жұмыстары күшеюде.

Өрт сөндіру қызметімен бірлесе Павлодар қаласының ТЖБ қызметкерлерімен 290 уйдің 725 адамы қамтылды, 113 пәтердің 246 адамдарды қамтумен аралау өкізілді. Сонымен тұрғын үй секторын аралауда халықты құлақтандыру машинасы да қатысты, дауыс зорайтқышы көмегімен адамдардың саны максималды қамтыды. Жылыту маусымының қарсанында өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтау қажеттілігі бойынша және балалардың отпен ойнауынан болатын өрттің алдын алу туралы тұрғындармен түсіндіру жұмыстары өткізіліп, жадынамалар таратылды.

Сонымен қатар өрт қауіпсіздік айлығы ішінде Павлодар қ.ІІБ жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып әлеуметтік аз қамтылған халқымен рейдтері бойынша жұмыс күшейтілді.

Павлодар облысының 23 жалпы білім беру оқу орындарының қатысуымен интерактивті онлайн сабағы өткізілді, тақырыбы: «Тұрмыстағы өрттің себептері және өрт қауіпсізідгінің шаралары».

Сондай-ақ айлық ішінде құрастырылған кесте бойынша қаланың барлық ауылдық елді мекендерде халықпен кездесулер өткізілуде.

Өрт қауіпсіздігінің айлығы бастала отырып қаланың барлық кәсіпорындары мен ұйымдарына өз аумақтарында және ғимараттарында отқа төзімділік жағдай келтіру жайлы хаттар жолданылды.

Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасымен айлық бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

 

Павлодар қ. ТЖБ

бас маманы А.Құтбекова

Оқылды 179 рет