Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сейсенбі, 26 Қыркүйек 2017 15:35

Павлодарда жылу беру маусымы бастау алды

Павлодар қаласында 2017 жылғы 18 қыркүйектен бастап жылу беру маусымының басталғаны туралы жариялады. Қалада жылу беру жұмыстары уақытында басталып және кестеге сәйкес жүргізілуде.

Ең бірінші кезекте әлеуметтік сала нысандарына жылу беру жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта 262 нысанның 237-сі қосылды. Қалған 25 нысанда қалыпқа келтіру, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғын үйлерге жылу беру 2017 жылғы 22 қыркүйектен басталды. Тұрғын үй қорының дайындығы 94 % құрады. Қазіргі кезеңде 239 көп қабатты тұрғын үй жылумен қамтамсыз етіліп, жылуды қосу жұмыстары жоспар бойынша жүзеге асырылуда.

Сонымен бірге, 6 % көп қабатты тұрғын үй қоры жылу маусымына дайын емес. Бұлар жылу беру маусымына дайындық шараларын уақытында жүргізбеген 75 тұрғын үй. Аталмыш тұрғын үйлерге жылу қосу, жылу беру маусымына уақытында дайын үйлерге берілген соң беріледі.

Қызмет көрсетуші ұйымдарын көрсете отырып жылу беру маусымына дайын емес үйлердің тізімі Павлодар қаласы әкімдігінің ресми сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Оқылды 142 рет