Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сәрсенбі, 27 Қыркүйек 2017 18:04

«БЖЗҚ» АҚ «БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі» тақырыбы бойынша Ашық есік күні шарасына шақырады

«БЖЗҚ» АҚ барлық келем деушілерді 2017 жылғы 29 қыркүйекте сағат 10:00-де Павлодар қ., Исиналиев, 1 мекенжайында өтетін Ашық есік күніне шақырады.


Шараға қатысушыларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі туралы толыққанды және маңызды ақпараттар беріледі. Болашақ зейнеткерлер мына төмендегі сұрақтар бойынша жан-жақты ақыл-кеңес ала алады:

  • белгіленген кесте бойынша кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар?

  • 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы қалай есептеледі?

  • ерікті зейнетақы жарналары есебінен кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар?

  • шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібі қандай?

  • қайтыс болған салымшының жинақтарының мұраға қалдырылуы;

  • зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезеңділігі мен мерзімі;

  • зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру барысындағы салық салу;

  • зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдарына аудару.

Барлық қатысушылардың зейнетақы төлемдеріне қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алуға және жеке ақыл-кеңес алуға мүмкіндіктері бар.

 

enpf.kz

 

Оқылды 161 рет