Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Дүйсенбі, 02 Қазан 2017 12:01

Қарттар күні қарсаңында қала әкімі ардагерлерді құттықтады

Халықаралық қарттар күнін атап өту қаламыздың жақсы дәстүріне айналып үлгерді. Аталмыш мереке қарсаңында 29 қыркүйек күні «Метрополь» мейрамханасында «Қарттар тарих, қазына, ел қазығы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Қала әкімі Нұржан Әшімбетов қаланың құрметті азаматтарын, қаланың дамуына еңбегімен өлшеусіз із қалдырған данакөз қарттарды– ұлы мерекелерімен құттықтады.Қарияларға баянды да берекелі және шаттыққа толы ғұмыр тіледі.

Кездесу жылы лебізге толы, достық атмосферада өтіп, зейнеткерлер өздерінің өткен еңбек күндері мен естелік әңгімелерін еске түсірді.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қарияларға жарқын мерекелік бағдарлама ұсынды. Маусым Шәкім, «Алау» дуэті, Серік Рыспек, Клавдия Кузьминская, Еламан Әбілғазин, Әсем Даутова, Жанна Левенца сынды әншілер сазды әуендерін тарту етті. «Жасмин» үлгілі би ансамблінің мүшелері мен «Классик» сәнді би студиясының бишілері өнерлерін көрсетті.

Мерекенің соңында қонақтарға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Оқылды 186 рет