Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Дүйсенбі, 02 Қазан 2017 12:56

Павлодар қаласының ауылдық аймағында жаңартылған мәдениет үйі ашылды

30 қыркүйек күні Кенжекөл ауылдық округі Байдала ауылында күрделі жөндеуден кейін ауылдық клубтың ашылуы болып өтті. Клубтың салтанатты ашылу рәсімне Павлодар қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов қатысып, клубқа музыкалық жабдықтар сатып алу үшін 1 миллион теңге көлемінде сертификат тарту етті. Қала әкімі бұл жер мәдениеттің ошағы болуы қажет және де бұл жерде тек қана жергілікті мәдениет бөлімдерінің іс-шаралары ғана өтіп қоймай сонымен қоса ауыл тұрғындары өздері турнирлер, кездесулер және концерттер ұйымдастырып өткізулеріне болатынын жеткізді. Болашақта да қаланың ауылдық аймақтарына барынша көмектер көрсетеміз және тұрғындарды өз ауылын абаттандыруға белсенді түрде қатысуға шақырғым келеді, - деп қала әкімі сөзін түйіндеді.

Соңғы 30 жылда ауыл клубына алғашқы рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қалалық бюджеттен клубтың жөндеу жұмыстарына 11045,0 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Бөлінген қаражатқа шатыр, әйнек, есік, жердің төсемелері, жылыту жүйесі ауыстырылды, клубтың қасбеті жаңартылды, қоршаулар орнатылды, тиісті аумақты жақсартты.

Енді клубта жаппай-көпшілік шараларды өткізуге барлық мүмкіндік бар және вокал, тоғызқұмалақ және қолданбалы өнер үйірмелері ұйымдастырлатын болады. Клуб 70 орынға шақталған.

Оқылды 121 рет