Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Дүйсенбі, 02 Қазан 2017 16:12

Үш тілде оқыту Павлодар қаласының 32 мектебінде қолданысқа енгізілді

Павлодар қаласы білім беру бөлімі үш тілде оқыту бағдарламасын жүзеге асыру мен енгізу бойынша жұмысты жоспарға сай жүргізуде. Бүгінде қаланың 32 мектебінде пилоттық режімде жаратылыстану-математикалық бағыттағы таңдаулы пәндерді - химия, биология, физика, информатика ағылшын тілін қолдану арқылы оқыту енгізіліп жатыр.

94 мұғалім курстық қайта даярлықтан өтті. Үш тілдегі оқумен 2,5 мыңнан астам оқушы қамтылған. Пилоттық енгізу басталған 6 мектептің (№ 4, 17, 25, 36, 39, 42) 8 - 9 сыныптарының оқушылары үшінхимия, биология, физика, информатика пәндерінен оқулықтар алынды.

Үш тілде оқытуды енгізуге дайындалу шеңберінде, экспериментке қосылған, қала мектептерінің желісін бұдан әрі дамыту жоспарланды. Бүгінгі күні жаңарту бойынша 146 мұғалім ағылшын тілінде және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту бойынша 10 айлық курстан өтуде, осылайша алдағы 2018 - 2019 оқу жылында ағылшын тілінде оқитын сыныптар санынын артуына үлкен ықпал береді. 

Оқылды 202 рет