Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сейсенбі, 03 Қазан 2017 17:11

Павлодар ауылында салтанатты түрде Даңқ ескерткішінің ашылу рәсімі болды

Бүгін Павлодар ауылында ҰОС қатысқан батырлардың есімін мәңгі есте сақтау мақсатында Даңқ ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі болды. Аталмыш шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілді.

Ағымдағы жылдың мамыр айында дәл осы жерге алғашқы кірпіші қаланған болатын және бүгін міне салтанатты түрде ауылымызда Даңқ ескерткішінің ашылуына куә болудамыз, - деп Павлодар ауылының әкімі Жүсіпов Аждар ерекше атап өтті. Павлодар ауылында осындай архитектуралық ескерткіштердің бұрын болмауына байланысты Даңқ ескерткішінің ашылуы үлкен және жарқын шара болып табылады. Ескерткіште ҰОС қатысқан ауыл тұрғындарының 115 есімі енгізілген және де тізімге енгізілмегендер де бар. Сондықтан да өскелең ұрпақ олардың есімдерін білетіндей 9 мамыр мерекесі қарсаңына қарай тағыда өзіміздің ардагерлер есімдерін толықтырып жазып төртінші тақтаны ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл жас сарбаздар осы ауылдан соғысқа аттанған және кейбірінің отбасылары осы ауылда қалған, - деп ауыл әкімі өз сөзін түйіндеді.

Даңқ ескерткіші жергілікті кәсіпкерлер демеушілік жасап солардың қаражаттарының есебінен «Каменный двор» фирмасында жасалған. Ардагерлердің тізімі Павлодар қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармадан алынды.

Салтанатты шара барысында ауыл ардагерлерінің жесірлері мен туысқандары олардың туысқандарына мәңгі есте сақтау тақтасын қойып және бүгінгі ұйымдастырылған шараға алғыстарын білдірді.

 

Оқылды 194 рет