Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сәрсенбі, 04 Қазан 2017 11:03

Заман талабына сай

Бүгінгі таңда оқытудың инновациялық технологиялары біздің өмірімізге мықтап енді.

Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру жағдайын жетілдіру және білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 2017 - 2018 оқу жылының басында 29 жалпы білім беретін қала мектептері үшін, жалпы сомасы 47,5 млн. теңгеге, 316 оқушы компьютерлері сатып алынды.

Сонымен қатар, сандық білім беру инфрақұрылымын құру шеңберінде 4 қала мектептері үшін мультимедиялық жабдықтар сатып алынды.

Ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті қалыптастыру бойынша білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде, соның ішінде, көптілділікті оқыту үдерісін іске асыру шеңберінде, мектептерде жаңа компьютерлермен мамандандырылған кабинеттер ғана жабдықталмай, сол сияқты информатика және пәндік кабинеттер, математика, физика, география, биология, ағылшын тілі, қазақ тілі, робототехника кабинеттері жабдықталды.

BilimLand порталын пайдалану оқытудың заманауи технологияларын жүзеге асыру үшін үлкен мүмкіндіктер береді, бұл ресурсқа 2016 жылдан бастап қаланың барлық мектептері қосылған.

BilimLand мультимедиялық портал ресурстарын сабақтарда қолдану біздің оқушыларға ақпаратпен жұмыс істеуге, кең ауқымды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Басқа білім алушылар және оқытушылармен қатысуға, электрондық байланыс жасауға, ақпарат алмасуға, онлайн және виртуалды сабақтарға белсенді қатысуға мүмкіндік береді.

Мектептердің оқу-тәрбие үдерісінде мониторингтің бірыңғай ақпараттық жүйесін және оқушылардың жетістіктерін есепке алу үшін Kundelik.kz. белсенді пайдаланылады.

Ата-аналар үшін кең ауқымды ақпараттық қызмет көрсетіледі: ағымдық және қорытынды үлгерім, сабақ кестесі, барлық пәндер бойынша үй тапсырмасы, сабаққа қатысуын қадағалау.

Мектептерді қазіргі заманғы компьютерлік техникамен қамтамасыздандыру, білім сапасын арттыру мен білім беру үдерісін қолжетімді етуде, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды тиімді пайдалану үшін жағдай жасайды.

Г.Ш.Шиндлярская,

Павлодар қаласының білім бөлімі басшысының орынбасары 

Оқылды 130 рет