Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Бейсенбі, 05 Қазан 2017 10:19

Бухпанов Ержан Таубайұлы Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімінің басшысы болып тағайындалды

Павлодар қаласы әкімінің өкімі бойынша Бухпанов Ержан Таубайұлы Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Ержан Таубайұлы, 1970 жылы туған, қазақ, жоғары білімі бар, 1992 жылы Алматы ауылшаруашылық институтын «ғылыми агроном» мамандығы бойынша тәмамдады.

1992 жылдан бастап 1995 жылға дейін – Павлодар облысы Май ауданы, Жалтыр кеңшарының агрономы.

2001-2008 жылдар аралығында – «Павлодар облысы бойынша жер пайдалану департаменті» ММ, Павлодар қаласы жер ресурстарын басқару басқармасының бас маманы, «Павлодар облысы бойынша жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті» ММ жетекші маманы, «Павлодар облысы аумақтық жер ресурстарын басқару жөніндегі басқармасы» ММ бас маманы болып жұмыс істеді.

2008 жылдан бастап 2012 жылға дейін – «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Шығыс-Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Өңіраралық жер инспециясы» ММ бас маманы.

2012 жылдан бастап 2013 жылға дейін – «Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару агенттігінің Павлодар облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы» ММ бас маманы, бөлім бастығы.

2013 жылдан бастап 2015 жылға дейін – «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы» ММ бөлім басшысы болып жұмыс атқарды.

2015 жылдан 2016 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің бас сарапшысы.

2016 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің бас сарапшысы.

Мемлекеттік қызмет өтілі 16 жылды құрайды.

Оқылды 213 рет