Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Бейсенбі, 05 Қазан 2017 17:41

Бүгін Павлодар қаласында тағы бір шағын-футбол алаңының және стрит-воркаут көшелік күш тренажерлары алаңдарының ашылуы болды

Короленко көшесі, 351 мекенжайы бойынша орналасқан 20 да 40 метр көлеміндегі жасанды жабындысы бар жаңа футбол-алаңының құрылысына қалалық бюджеттен 7,7 млн. теңге бөлінді. Осы алаңды салу кезінде жасанды фибрилді шөп төсемі қолданылды, биіктігі 4 метр қоршаулар және жеке тұрған жарықтандырудың тіреулері, торлары бар футбол қақпалары орнатылды.

Сонымен бірге, биылғы жылы жалпы құны 14,9 млн. теңге сомасына Естай көш. 134, Айманов көш. 42, Ак. Шөкин көш. 38, Короленко көш. 9/2 мекенжайлары бойынша 4 шағын футбол алаңдарының жасанды шөп жабындылары толық ауыстырылды.

Қазіргі күні қалада барлық корттарды және футбол алаңдарын келесі жылы ауыстыру мақсатында түгендеу жұмыстары жүргізілуде,- деп Павлодар қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов өз сөзінде атап өтті. Сонымен қатар, ірі спорттық нысандардың Усолка шағын ауданында бассейн және Камзин көшесі бойында үлкен футбол алаңының құрылысы жүргізілуде.

- Сонымен, ағымдағы жылы Павлодар қаласында стрит-воркаут алаңдарының 42 жиыны орнатылды. Қала тұрғындары жағажай аумағында, парктерде, саябақтарда және тұрғын үйлердің аулаларына орнатылған жаңа спорттық тренажерларды өздерінің бос уақыттарында денсаулықтарын нығайту мақсатында белсенді қолдануда, - деп қала әкімі өз сөзін толықтырып өтті.

Павлодар облысы әкімдігі мен ERG арасында жасалған Меморандум аясында, 2017 жылы стрит-воркаут алаңы мен бұзуға төзімді көшелік күш тренажерларының 42 жиынын орналастыруға 140,2 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бір жиынның құны шамамен 3,3 млн. теңгені құрайды. Алаңдарды орналастырумен алматылық «Jet logistic» ЖШС компаниясы айналысты.

Ішкіаулалық аймақтарды көркейту үшін, спорттық алаңдарды орналастыру, пәтер иелері кооперативтері арасында аулаларды іріктеу конкурс нәтижелері бойынша өткізілді. Мәскеу қаласының «ВИВАНА» ЖШС фирмасынның осыған ұқсас стрит-воркауттары мен тренажерлары Ресей мен Қазақстанның көп аймақтарында орнатылған және оның жағымды пікірлері де бар. Стрит-воркаут – бұл Қазақстанда жыл сайын қарқынды даму үстіндегі сәнді және әлемде кеңінен таралған спорттық қозғалыс.

Оқылды 173 рет