Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Жұма, 13 Қазан 2017 14:16

Құрметті қала тұрғындары!

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы мәслихатының шығып кеткен депутаттарының орнына Павлодар облыстық мәслихатының № 14 Кутузов сайлау округі, № 20 Қамзин сайлау округі, № 21 Зеленстрой сайлау округі, Павлодар қалалық мәслихатының №№ 1, 11, 12 және 13 сайлау округі бойынша 2017 жылғы 29 қазанда өтетін сайлауға сайлаушылардың тізімдерін нақтылау бойынша жұмыс жүргізіп жатқаны туралы Сіздерді хабардар етеміз.

Өз конституциялық құқығыңызды пайдаланып, өзіңіз туралы және өз отбасыңыздың мүшелері туралы мәліметтердің дұрыстығын сайлаушылар тізімінде мына мекенжай бойынша тексеріңіздер: Павлодар қаласы, Қайырбаев к-сі, 32 үй, № 417 каб. немесе 32-57-78 телефоны арқылы операторлардан білуге болады.

Оқылды 145 рет