Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сәрсенбі, 18 Қазан 2017 15:23

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНДА «НҰРЛЫ ЖЕР» ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУҒА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ!

Павлодар қаласының әкімдігі атынан «Павлодар қаласының қаржы бөлімі» ММ «Нұрлы жер» бағдарламасының «Бәйтерек девелопмент» АҚ бағыты бойынша Павлодар қаласы, Кутузов көшесі, 233 мекенжайындағы 135 пәтерді сатып алу жолымен берілетін жалдамалы тұрғын жайға өтініштер қабылдайтынын хабарлайды, соның ішінде: 1 бөлмелі – 31, 2 бөлмелі – 78, 3 бөлмелі – 26 пәтер.

Жалдамалы тұрғын жай ЖАО кезекте тұрған мына санаттағы азаматтарға беріледі:

-көпбалалы отбасылар;

-толық емес отбасылар;

-мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

-жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

-оралмандар;

-1 және 2-топтағы мүгедектер;

-мемлекеттік қызметшілер;

-әскери қызметшілер;

-бюджеттік ұйымдардың азаматтары.

Жалдамалы үй алудан үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:

1) өтініш;

2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің кө-шірмелері;

3) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (қажеттілігіне қарай) куәліктердің көшірмелері;

4) жалдау (жалға алу) шартын не тұрғын үй ордерінің көшірмелері;

5) өтініш иесінің және оның отбасы мүшелерінің тиісті елді мекенде тұратынын растайтын анықтама;

6) өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасы бойынша меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің жоқ немесе бар екендігі туралы анықтама;

7)жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның сипаттамалары туралы анықтама ( үлестің болуы, саман және қамыс үйлердің, жатақханада бөлменің болуы) және осы жағдайларда құқықтық туындайтынын рас-тайтын құжаттар;

8) Өтініш берушінің отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайда алғашқысы оларды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімі;

9) соңғы 12 ай ішіндегі еңбек ақы туралы мәлімет (халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары – жәрдем ақы, зейнет ақы т.б., мемілекеттік қызметкер, әскери қызметкер, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері – жалақысы тұралы анықтама);

10) қай санатқа жататындығын растайтын құжат ( толық емес отбасылар – некені бұзу туралы куәлік, әкелікті белгілеу, анасының сөзінен жазылған анықтама, мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар- мүгедектік туралы анықтама; мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, бюджеттік ұйымдардық қызметкерлері – жұмыс орнынан анықтама; оралмандар –оралман куәлігі).

Өтініштер 2017 жылғы 18 қазаннан бастап 27 қазанды қоса алғанда дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қабылданады. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі. Мекенжай: Павлодар қаласы, Ломов к-сі, 38.

 

Оқылды 146 рет