Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Дүйсенбі, 23 Қазан 2017 11:40

Кутузов көшесін қайта жаңарту

2017 жылы Павлодар қаласының ең басты және ең ұзын көшелерінің бірі Кутузов көшесін қайта жаңарту үшін жергілікті бюджеттен 1 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінді. Көшенің жалпы ұзындығы 10 км асады, ал жолының ені кей жерлерде 100 метрге дейін жетеді. Көшені қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу аясында көгалдандыру, жарықтандыру, жолдар мен жиек тастарды жөндеу бойынша үлкен жұмыстар атқарылды, жаңа жаяу қыдыру жолдары жасалды, кішігірім архитектуралық формалар және жаңа аялдама павильондары орнатылды, суару су құбыры салынды.

Көшені көгалдандыру мақсатында шамамен жаңа 1500 ағаш, 1700 метр ағаш қоршаулар отырғызылды, сонымен қатар 90 000 шаршы метр аумаққа көгал алаңдары төселіп, 1300 шаршы метр аумаққа гүлзарлар орнатылды. 35 500 шаршы метр аумақтағы жасыл екпелерді суару үшін жалпы ұзындығы 12 км жаңа су құбыры жүргізілді.

Көшені жарықпен қаматамасыз ету үшін жаңа 263 жарық шамдар орнатылды: көпірдің (66 жарық шам), трамвай өту жолдарының (26 жарық шам) және қалта жолдардың (133 жарық шам және 19 екі жолақты кронштейндер) жарық шамдары жаңартылды.

Және де Кутузов көшесінің жарықтандыру көркі жаңартылды. Торайғыров –Лермонтов және Амангелді-Жаяу Мұса көшелерінің аумағындағы трамвай бағаналарын жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Кутузов көшесі бойындағы 24 тұрғын үйде олардың пішінін айқындап тұратын заманауи архитектуралық жарық шамдар орнатылды. Аталмыш ойды үлкен сауда нысандары да жалғастырды, олардың көпшілігі түнгі уақытта көрініс берді.

Сонымен қатар, Кутузов көшесінің бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері де жаңа түрге енді. Бүгінгі таңда 13 көпқабатты үйге бояу жұмыстары жүргізілген. Өңсіз, сұрланған қасбеттер – өткен күннің еншісінде қалды. Бүгінде бұл павлодарлық үйлерге жаңа рең кіруде.

Жаңартылған көшеге сонымен бірге – ыңғайлы әрі айтарлықтай көбейіп келе жатқан 17 жаңа аялдама павильондары орнатылды. Қымбат тұратын шынының орнына берік пластик қолданылды.

Бұдан басқа, жолдарға және жиек тастарға жөндеу жұмыстары жүргізілді. 20 000 шаршы метрден аса аумаққа жаңа асфальт төсемесі төселді және де жалпы көлемі 14 000 шаршы метр аумаққа жиек тастар және тротуарлар төселді.

Жолда жүру қауіпсіздігін сақтауды ұйымдастыру мақсатында реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолдары жойылды, 11 жаяу жүргіншілер жолдары учаскесіне алғаш рет бағдаршамдар орнатылды.

Кутузов көшесі бойында барлығы 59 жаңа бағдаршам пайда болды. Сонымен бірге, жолдарда тиімді қозғалысты қамтамасыз ету үшін «жасыл толқын» немесе «жасыл дәліз» орнату жоспарлануда.

Сонымен қатар, Кутузов көшесі бойында көптеген жаңа нысандар пайда болды. Жеке инвестициялар есебінен ұзақ жылдар бойы игерілмей келген, созылмалы құрылыс объектісі құны 200 млн. теңге құрайтын құрылысын аяқтады. Екі жыл бойы каңыраған ғимарат өзгеріп, енді қала тұрғындары Саяжай шағын ауданында орналасқан жаңа "Orange" сауда орталығында алуан түрлі қызмет кешенімен қолдана алады. "Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында "Orange"-сауда орталығының 300-ден астам шаршы метрі жаңа халыққа қызмет көрсету орталығына өтеусіз жұмыс істеу үшін берілген. Онда әрбір өтініш білдірушіге тез және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетілуге барлық мүмкіндіктер бар. Одан басқа, "Orange"-те "Гринвич" супермаркеті ашылды (инвестиция құны 130 млн. теңге, 60 жаңа жұмыс орындары). Сондай-ақ, компьютерлік және сандық техника "Мечта" және "Белый ветер", мультибрендтық дүкен, дәріхана және көптеген басқада дүкендер ашу жоспарланып отыр

Кутузов көшесі бойында жаңа жаяу жүргіншілер аймағы пайда болды.Онда жасыл желектер отырғызылып брусчаткадан серуендеу жолы,кіші сәулет нысандары мен альпілік төбешіктер орнатылды.Қала жастары қазірден кешкі уақытта әсіресе сәнді аркада белсенді уақыт өткізуде.Ұялы құрылым елордасы Астана қаласының осындай қүрылыстардын мысалында жасалған, бірақ бізде ұзындау қылып жасады – 70 метр.

Кутузов көшесі жайлы, әдемі және заман талаптарына сай кейіпке енді. Жөндеу жұмыстары мен қайта құру жұмыстары барысында басты мәселе көгалдандыру, саябақ аймақтарын дамыту,көшелерді көріктендіру, жолдар мен тротуарлар, көше бойын жарықтандыру сәулеттік келбеті назарға алынды, нақтырақ айтар болсақ қала көркін арттыруға және тұрғындарға қолайлы барлық жағдай жасалған.

Оқылды 115 рет