Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сейсенбі, 24 Қазан 2017 14:32

Павлодар қаласында биологиялық қалдықтарды жоюға арналған заманауи жабдық пайда болды

Павлодар қаласы әкімдігі 2017 жылы биологиялық, өндірістік, медициналық, тұрмыстық қалдықтарды (А, Б, В сыныптары, ішінара Г), мұнай өңдеуден қалған өнімдерді және бұзылған мұнай өнімдерін жоюға (өртеу) және дезинфекциялауға арналған жабықты сатып алуға бюджет қаражаты есебінен 17608,0 мың теңге көлемінде қаражат бөлді.

Аталмыш жабдық биологиялық және ветеринариялық қауіпсіздікті сақтау, аурулардың таралуының қауіпті ошақтарын жою (сібір жарасы, аусыл және т.б) мақсатында сатып алынды. Жаңа заманауи құрылғыны дәстүрлі мал қорымының баламасы ретінде қолдану санитарлық тазалықты қамтамасыз етуге, аурулардың таралу қаупін нөлге дейін төмендетуге мүмкіндік береді, сонымен қатар мобильді инсиниаторды қолданғаннан кейін көптеген ауруларды және инфекцияларды тарататын қалдықтар қалмайды.

Қалдықтарды жоюға арналған пеш мобильді және де екі камерадан тұрады: негізгі өртеу камерасы және қалдық газдарды толық жағу камерасы. Бірінші камерада тиелген материалды (қалдықты) жағу процессі жүреді, ал, екінші камерада – негізгі жану камерасынан кейінгі соңына дейін толық жағу процессі жүреді. Дәл мұндай жүйе атмосфераға шығатын газдарды максималды түрде тазалауға мүмкіндік береді. Камералардың іші отқа төзімді материалдармен жабдықталған (отқа төзімді бетон, төзімді кірпіш) және Италия өндірісінің жоғары сапалы қыздырғыштарымен жабдықталған. Жабдық дизель отынымен жұмыс істейді.жасайды.

Инсиниатор бос учаскеде оңай орнатылады, тек қана тегіс алаңқай, 220 вольттан бастап 1500 Вт дейін электр қуаты және дизель отыны болса болғаны. Сыйымдылығы – 1990 кг.

 

 

Оқылды 107 рет