Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Бейсенбі, 26 Қазан 2017 17:22

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуындағы қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында халықаралық қатысуымен ғылыми-практикалық конференция өтт

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуындағы қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында халықаралық қатысуымен

ғылыми-практикалық конференция өтті

 

Ағымдағы жылдың 25 қазанында сағат 10.00-де Павлодар қаласы әкімдігінің бастамасымен С.Торайғыров атындағы ПМУ акт залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуындағы қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде халықаралық қатысуымен өтетін ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияға Павлодар қаласының құрметті азаматтары, қалалық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ өкілдері, ғалымдар, діни конфессиялардың және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, қаланың жалпы білім беретін мектеп директорлары мен оқытушылары арасынан 400-ден аса адам жиналды.

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары С.Н. Мұқанов Павлодар облысы мен Павлодар қаласы Мемлекет басшысы жариялаған қайта жаңғырту арнасында екендігін және қазіргі әлем өзгеріп жатқандықтан, дәл қазір қоғамдық сананы жаңғырту ерекше мән мен өзектілікке ие болатынын атай отырып, конференцияға қатысушылар алдына кіріспе сөзбен шықты.

Сондай-ақ, қатысушыларға «Анатомия, физиология және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, Новосібір мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Роман Иделевич Айзман бейне нысанында жүгінді, ол Новосібір ғалымдары оқушылардың, студенттер мен оқытушылардың денсаулық жағдайын мониторингілеуді жоспарлап отырған жобаны, сондай-ақ адамдар оқитын және жұмыс істейтін жағдайларды әзірлегеніне назар аударды. Оны жасауға арнайы электрондық денсаулық паспорттары көмектеседі. Бүгінгі күні бізде осындай паспорттар оқушылар, спортшылар, студенттер, оқытушылар, әскерге шақырылғандар үшін бар. Сондай-ақ, өзіне өзі қол жұмсау, түрлі тәуелділіктерді бағалауға арналған паспорттар және, әрине, кәсіби бағытты таңдауға арналған паспорт бар.

Ғылыми-практикалық конференция делегаттары, тарих ғылымдарының докторы, «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры Л.Қ. Жүсіпова, тарих ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан тарихы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Е.М. Торайғыров өз баяндамаларында «Рухани жаңғыру» президенттік бағдарламасының Павлодар өңірінде іске асырылуы жайлы айтып берді.

Пленарлық бөлімнің соңында конференцияға қатысушылар орындалуы Қазақстан Республикасы Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру бойынша тиімділікке қол жеткізуге ықпал ететін ұсыныстар білдірді.

«Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ

Оқылды 195 рет