Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Бейсенбі, 26 Қазан 2017 17:52

«Балаларды бірге қорғайық!»

Ағымдағы жылдың 25 қазан күні Павлодар қаласы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның бастамасымен «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалының қолдауымен қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі отбасында балаларға зорлық-зомбылық және қысым көрсету, әлеуметтік қауіпті жағдайда тұрған отбасыларды ертерек анықтау және оларға дер кезінде көмек көрсету туралы сұрақтары көтерілген дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек үстелге Павлодар қаласы әкімінің орынбасары С. Н. Мұқанов, Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ж. Т. Тәйкебаева, Павлодар облысы бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының, қалалық прокуратураның, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының, білім бөлімінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, психоневрологиялық диспансері кризистік орталығының, өмірде қиын жағдайға түскен ата-аналарға және балаларға консультативтік және тәжірибелік көмек көрсету орталығының, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессор-оқытушылар құрамының, «Жалғыз басты аналарды қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссиясымен, жергілікті атқарушы органдар және қоғамдық бірлестіктермен отбасындағы балаларға көрсетілетін қысымды ертерек анықтау және әр фактор бойынша уақытылы әрі тиімді шара қолдануда күштерді біріктіріп және жедел ақпарат алмасу бойынша ведомствоаралық қатынасты нығайту, сонымен қатар отбасында балаларға зорлық-зомбылық көрсету және қатаң қарау фактілерін азайту шараларына жаңа тәсілдер қарау ұсынылды.

 

Оқылды 111 рет