Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сәрсенбі, 01 Қараша 2017 12:54

Рухани келісім күніне арналған дөңгелек үстел «Диалог – ұлтаралық келісімге апарар жол»

Қазақстан халқының рухани келісім күніне орай С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың конференц-залында «дөңгелек үстел» өтті, оған конфессиялардың, Павлодар облысы дін істері басқармасының, Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының, құқық қорғау органдарының өкілдері, жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері, қаланың жалпы білім беретін мектептерінің оқытушылары қатысты.

«Дөңгелек үстелдің» мақсаты этносаралық және конфессияаралық келісімді, діни толеранттылықты және өзара түсіністікке, келісімге және бірлікке шақыра отырып, бейбіт мәдениаралық диалогты сақтау мен нығайтуға бағдарланған тарихи-мәдени, рухани-адамгершілік тақырыптарды талқылау болды.

«Дөңгелек үстелдің» модераторы болып Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Ержан Мэлсұлы Рахымжанов сөз сөйледі.

«Дөңгелек үстелге» қатысушыларға айтқан сөзінде Е. Рахымжанов Қазақстан халқының рухани келісім күнін мерекелеу барлығымызды ұлтымызға және дінімізге қарамастан, қоғамдағы келісім мен тұрақтылық үшін біріктіреді деп атап өтті. Өзара түсіністік, сенім, адамдар арасындағы мейірбан қарым-қатынас, адамдық қадір-қасиетке жоғары баға әлем мен адамзат болашағының кепілі болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстан діни наным-сенімдердің алуан түрі әрбір дін мен мәдениеттің бірегейлігін көрсететін үйлесімділікке ықпал ететініне мысал болып табылады. Тұрақты диалог негізінде конфессиялар арасындағы бейбіт өмір сүру тәуелсіз Қазақстанда біріктіру, бейбітшілік пен келісім факторын құрады.

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің бас имамы Н. Исенов өз сөзінде деструктивті тоталитарлық ғұрыптармен бірлескен күресте бірігіп, діни толеранттылықты, халықтардың тарихы мен мәдениетін, адамгершілік құндылықтарын сақтай отырып, бір-бірін өзара құрметтеп, қолдап, бейбітшілік мен келісімді нығайта отырып, жақсылық пен бейбітшілікке шақырды.

Павлодар епархиясының Павлодар шіркеу округінің благочинныйы, протоиерейі А. Степанов конфессияаралық диалог көзқарастары мен сенімдері әр түрлі адамдар арасында өзара түсіністікке ықпал ететін көп ұлтты және конфессияаралық Қазақстан халқының бірлік символы болып табылатынын, оның келісім мен бейбітшілікті нығайтуға жәрдемдесетінін атап өтті.

Халықтың рухани құндылықтарын, өзара түсіністікті, келісім мен бірлікті сақтай отырып, түрлі конфессиялардың өкілдері арасында мейірімді қарым-қатынасты қалай құруға болады деген өз пайымын - Павлодар облысы Еврей қауымының бас раввині Шимон Аш баяндап берді.

«Қоғамдық келісім» КММ Медиация орталығының басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі төрағасының орынбасары, фин-угор этно-мәдени орталығының төрағасы О. Николашина Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік ұлттық саясатты іске асырудағы мақсатты жұмысына, халықтардың көп ғасырлық салт-дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтай және дамыта отырып, тұрақтылық пен тыныштық атмосферасын, ұлттық келісімді, ұлтаралық қарым-қатынастардағы мәдениеттің жоғары дәрежесін және түрлі этностар арасындағы өзара түсіністікті көрсете отырып, жүйелі және дәйекті этномәдени диалогты қалыптастыруға баса назар аударды.

«Дөңгелек үстелдің» соңында Е. Рахымжанов жағымды миссия – Павлодар қаласының тұрғындары арасында деструктивті және радикалды идеоогияның таралуына қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу жұмысына белсенді қатысқан Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімінің ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін «конфессияаралық келісімді нығайтуға, дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға және тұрғындардың діни сауаттылығын арттыруға қосқан үлесі үшін» марапаттап, сондай-ақ осындай кездесулердің сенім, ізгілік, өзара түсіністік және бейбітшілік символы ретінде қажеттілігі мен маңыздылығын атап өтіп, кездесудің қатысушыларына жақсылық пен береке тіледі.

 

«Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ

Оқылды 92 рет