Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Дүйсенбі, 30 Қазан 2017 12:57

Олимпиадашылардың бірінші оқу- жаттықтыру жиыны туралы

2017 жылы 30 қазанынан 4 қараша аралығында Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен күзгі демалыс кезеңінде математика, физика, биология, химия, информатика пәндерінен оқушыларды олимпиадаға дайындау бойынша бірінші оқу- жаттықтыру жиыны өткізіледі. Жиын «Күзгі демалыс-пайдасымен!» ұранымен бірінші рет «Балдаурен» оқу-сауықтыру лагерінде өтеді.

Оқу–жаттықтыру жиынына 9-11 сыныптарының 54 оқушысы қатысады. Олар оқу озаттары, интеллектуалдық, шығармашылық және спорттық шаралардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары.

Балалар «Балдаурен» оқу-сауықтыру лагерінде күзгі демалыс уақыттарын өткізуге тамаша мүмкіндік алды. Лагерь табиғаты керемет Ертіс өзенінің жағасында орналасқан. Балалардың мұнда білімдерін ұштауымен қатар, денсаулықтарын да нығайтып алуларына мүмкіндіктері бар.

Ең басты мақсаттардың бірі – оқушылардың білімдерін кеңейту және тереңдету. Балалар арнайы кесте бойынша математика, физика, биология, химия және информатика пәндерінен дәріс алатын болады. Балалармен бірге тәжірибелері мол, өз мамандықтарын жоғары бағалайтын, балалардың бос уақытын қызықты өткізуге ат салысатын кәсіби мамандар жұмыс істейді. Оқушыларды олимпиадаларға математика пәнінен - «Жас дарын» мектебінің ұстазы Арыстан Анатольевич Текенов, биология пәнінен - ИнеУ аға оқытушысы, магистрі Айгүл Мұратқызы Утилова, химия пәнінен - «Білім-инновация» ұлдарға арналған «лицей-интернатының оқытушысы Данияр Маратұлы Салих, физика пәнінен - № 37 ЖОМ мұғалімі Гүлбаршын Кабдулбариқызы Аментаева, информатика пәнінен - № 34 ЖОМ мұғалімі Илья Олегович Поляков дайындайды.

Балалар сабақта түрлі зерттеулермен, тәжірибелермен айналысады және өздерінің шағын жобаларын қорғайды. Сабақтар семинар түрінде, оқушылар өздері талдау жасап, қорытындылауға үйренетін жаңа форматта өтетін болады.

Оқу кезіндегі лагерь – бұл демалыспен бірге даму. Осы кезде балалар басқа мектептерден жаңа достар тауып, өз білімдерін сынап көруге тамаша мүмкіндік туады.

Замануи талаптарға сай шахмат, робототехника, бейнелеу студиялары жабдықталған. Балаларға түрлі істермен шұғылдану ұсынылады: шаштараз бен тігін шеберханасы, вокалды ұнататындарға музыкалық орындар, ал кітапсүйгіштер кітапханадан білім нәрін сусындатады.

Лагерь балалардың спорт жағынан дамуларына да барлық жағдай жасаған. Балалар спорттың қай түрін таңдаса да ерікті. Мұнда тренажерлық зал, хауздар, батуттар, футболдық,волейболдық және стритболдық алаңдар бар. Бишілерге арналған хореографиялық зал да жабдықталған.

Балалардың сауықтыруларына аса маңызды көңіл бөлінеді. Балаларға арналған массаждар, оттегі коктейлдері, ингаляция мен биотроп жасау үшін түрлі құралдар бар, сонымен қатаргалокамера немесе тұзды шахта медициналық кабинеті. Галокамера (тұзды шахта) - ресейлік өңдірістегі жасанды микроклимат аппараты «Бризсоль-1» адам ағзасын тұзды ауаның әсерімен, яғни ауадағы тұзды микробөлшектердің тыныс алу жолдарына өтіп, ағзаны зиянды бактерийлерден тазартып сауықтандыруға негізделген. Галокамера микроэлементтермен қанықтандырылып, жоғары иондандырылғандықтан қанды оттегімен қанықтыруға және иммунитетті нығайтуға көмектеседі.

Таза ауада демалу балаларға жағымды әсер ететіні сөзсіз.

Әркім өз қабілетіне сай тың иедеялар ұсына алады. Және осы жерде әркім өз идеяларын жүзеге асыра алады.

Лагерь балалардың өзін өзі дамытуға және өзін өзі танытуға серпін береді. Және мұғалімдер оларға әрдайым көмек береді. 

Оқылды 64 рет