Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сәрсенбі, 01 Қараша 2017 16:55

Павлодар қаласында жаңа жұмыспен қамту орталығы ашылды

Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында алдағы жылдарға басты кешенді міндеттердің бірі болып – еңбек нарығын жаңғырту анықталды. Үкіметпен жұмыспен қамту орталықтарын реформалау және барлық бос жұмыс орындары бойынша және барлық елді мекендерге ортақ онлайн-платформа құру шешімі қабылданды.

«Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ бір терезе қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтердің жаңа стандарттары енгізілген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту орталықтарымен бірге орталықтарды трансформациялау бойынша пилоттық жобаға енгізілді.

Азаматтарға және білікті қызметкерлерге жұмыс іздеу процесін жеңілдету мақсатында жұмыс берушілерге арналып электронды еңбек биржасы құрылды – бұл еңбек нарығына қызығушылық білдірген барлық тұлғалардың тегін ортақ ақпарат базасы: қызметкерлерді іріктеумен айналысатын жұмыспен қамту орталықтары, жұмыс іздеушілер, кәсіпорындар, меншік нысандарының барлық ұйымдары, жеке меншік жұмыспен қамту агенттіктері. Аталмыш жүйенің жұмысы дәстүрлі еңбек делдалдығынан бос жұмыс орындарын және кадрларды өз бетінше іріктеу жүйесіне өтуге мүмкіндік береді.

Жұмыспен қамту орталығының тиімді жұмыс жасауы, азаматтарды қабылдауда ыңғайлы жағдай жасау және тұрғындармен жұмыс жасаудың жаңа жүйесіне көшу үшін «Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ Ак. Бектұров көшесі 115 мекенжайы бойынша ғимарат берілді. Сонымен қатар, жөндеу жұмыстарына және жаңа жабдықтарға қалалық бюджеттен 34,5 млн. теңге қаражат бөлінді.

Қазіргі уақытта жұмыспен қамту Орталығы 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда. Осы уақытқа дейін жұмыспен қамту мәселесі бойынша Павлодар қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығына 8571 адам өтініш білдірді. Өтініш білдіргендердің жалпы санынан 6448 адам немесе 75 % жұмыспен қамтылды. 

Оқылды 74 рет