Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Бейсенбі, 02 Қараша 2017 17:54

Павлодар қаласында резеңке қалдықтары және резеңке бұйымдарын шығаратын жаңа өндіріс орны ашылды

Павлодар қаласының орталық өндірістік аймағында «Inter Rubber Recycling» ЖШС кәсіпорнында резеңке қалдықтарын, жарақаттан қорғайтын жабындылар және резеңке бұйымдарын шығаратын жаңа өндіріс орны ашылды. Кәсіпорынның аталмыш өнімі полимерлі резеңке гидрооқшаулағыш материалдары, әр түрлі бағыттардағы битумды мастика өндірісінде, автокөлік жолдары құрылысында асфальт қоспалары, серпімді жабындылар, сонымен қатар қайта өңдеуден алынған резеңке бұйымдары өндірісінде сұранысқа ие.

Бұдан басқа суықтай сығымдау желісі іске қосылды – жарақаттан қорғайтын жабынды өндірісінің цехы (резеңке қалдықтарынан жасалған резеңке плиткалар мен брусчатка) – ыңғайлы, жарақаттан қауіпсіз өмір аймағын құру үшін заманауи құрылыс материалдарынан. Аталмыш материал спорттық және жаттығу залдарын, балалар ойын алаңдарын, кіре берістерді сырғанауға қарсы жабындылармен (кіреберіс, баспалдақ, пандус), бақша жолдары мен үй аумақтарын, жануарлар мен үй жайларды, автокөлік тұрақтары мен гараждарды жабдықтағанда қолдануға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына 1 000 тонна дайын өнім шығара алады.

Жаңа өндіріс орны 30 млн. теңгеден аса қаражатты құраған жеке инвестициялар есебінен іске қосылды. Кәсіпорында жаңа 40 жұмыс орны ашылды.

Аталмыш өндіріс орны Павлодар қаласында 2017 жылы іске қосылған ірі инвестициялық жобалардың 9-шысы болды. Бұған дейін ағымдағы жылы жалпы инвестиция көлемі шамамен 2,5 млрд. теңгені құраған әр түрлі бағыттағы 8 жаңа кәсіпорын іске қосылған болатын.

Жылдың аяғына дейін жалпы инвестиция көлемі 20,0 млрд. теңгеден астам қаржыны құрайтын 9 жаңа бизнес нысаны іске қосылады деп жоспарлануда. Бұндай жобалар қаламыздың одан әрі экономикалық дамуына және қала тұрғындарына жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді.

 

Оқылды 78 рет