Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Жұма, 10 Қараша 2017 11:54

Павлодарда «Қызметті өзің ал» оқыту орындары ашылды

Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында сандық технологияларды енгізуге баса назар аударды. Күмәнсіз, бұлар онлайн-сауда, мобильді банкинг, сандық сервистер, мемлекеттік қызмет көрсету сияқты келешегі бар салалар. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу заман талабы.

Елбасының барлық қызмет салаларын сандық жүйеге енгізу туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында қаламыздың 15 кітапханасында халықты оқыту үшін «Қызметті өзің ал» оқыту орындары ашылып жұмысын бастады. Барлық оқыту орындары қажетті компьютерлермен жабдықталып, интернетке қосылған.

Кітапхана қызметкерлерін ақпараттық жүйелермен және «Еgov.kz» электронды үкімет порталымен жұмыс жасауға және одан әрі де халыққа кеңес беруге оқыту үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері тартылды. Қазіргі уақытта 23 кітапханашы оқытылуда.

«Қызметті өзің ал» оқыту орындарының ашылуы адамдардың өздеріне жақын жердегі кітапханаларда «Еgov.kz» электронды үкімет порталын (Кітапхана қызметкері «Еgov.kz» порталын қолдануда кеңес береді), сонымен қатар электронды үкіметтің жұмысы бойынша кеңес алуғажәне кейіннен қызметтті өзі жеке қолдануға мүмкіндік береді. Ақпараттық сауаттылықты тарата отырып халықты оқыту арқылы кітапханалар ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызады.

Қазіргі уақытта, Орталық қалалық кітапхана (Торайғыров көшесі, 44/1) және № 12 көпшілік кітапхана (Суворов көшесі, 2) халықтың «Еgov.kz» электронды үкімет порталымен жұмыс жасауға жәрдемдесуге дайын.

Оқылды 92 рет