Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сейсенбі, 14 Қараша 2017 17:36

Жас суретшілер суретінің этнографиясы мен фольклоры

Павлодар қаласы № 2 Балалар көркемсурет меектебінің оқушылары «Бояу иісі » Словениядағы Целье қаласындағы жас дарынды суретшілер XXI Халықаралық сайысына қатысты. Сайысқа бүкіл әлемнің 33 елінен 6000 сурет жіберілді, оған қоса 16 мектеп оқушыларының жұмыстары. Сайыс 3 жастан 20 жасқа дейінгі 3 жас шамалығы топтары бойынша бағаланды.

Сайыс қорытындысы бойынша мектеп оқушылары «Наурыз» суреті үшін 9 жастағы Кудашева Мөлдір, «Аюмен билеу» суреті үшін 11 жастағы Степанюк Ксения, «Көктем» суреті үшін 9 жастағы Нұрдилдина Адель, «Мейрам» суреті үшін 6 жастағы Мусалим Диляра, «Күту» суреті үшін 10 жастағы Майкотова Мадина жеңіпаз болып атанды.

Сайыстың тақырыбы «Менің халқымның энографиялық костюмі және фольклоры» оқушыларға ұлттық костюмдерді, фольклорді және дәстүрді , оларға байланысты , өткен және қазіргі этникалық байланысты толығымен сезінуге терең ықпал етті. Мусалим Диляра өзінің суретінде қазақ елінің жас ақындарды- жігіттер және қыздар айтысын бейнеледі. Нурдильдина Адель суретінде әдемі және әсем үйлену тойы биін бейнеледі, Степанюк Ксюша- солтүстік орыс костюмі және аюмен билеу ескі халық биін бейнеледі (көреген Олег патшасы өзінің Киевте гректерді жеңіп жеңісін тойлаған уақытта, аюмен билеу орыс халқының биі 907 жылы бірінші рет жарияланды).

Кудашева Мөлдір «Наурыз» мейрамына дәстүрлі ұлттық киім киген , Түйе және қыз ерекше композициясын ойлап тапты. Майкотова Мадина «Қыз куу» ұлттық ойында кездескен әдемі жігітті және қызды бейнеледі. 

Оқылды 60 рет