Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Дүйсенбі, 20 Қараша 2017 15:56

Туған өлкенің зерттеушілері

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру көлемінде 20-24 қараша күндері аралығында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында «Менің Отаным - Қазақстан» ХVІІ аймақтық лқушылар ғылыми тәжірибелік конференциясы өткізіледі. Конференцияға Павлодар, Ақсу қалалары, Павлодар ауданы жалпы орта білім беру мектептері, мектептен тыс мекемелерінің 100 астам 3-11 сынып оқушылары қатысады. Мақсаты - зерттеу қызметіне қызығушылық білдіретін оқушыларды қолдау, зерттеу, туристік-өлкетану және мұражайлық қызметі арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру туған өлкені тәжірибелік тұрғыда танып білу, аймақтың қоршаған орта, тарих және мәдениет ескерткіштерімен танысу болып табылады.

Конференция бағдарламасында оқушылардың 5 секция бойынша жұмыстарды қорғауы қарастырылған.

Біз және экология-аймақтық экологиялық мәселелердің шешілуіне қосылған тәжірибелік үлесін бейнелейтін жұмыстар (жанасқан аумақтарды көгалдандыру және жақсарту бойынша жұмыс тәжірибесінен баяндамалар, мектеп орманшылықтары, экологиялық жасақтарының жұмысы, табиғатты қорғау, экология, фенология, СӨС салаларындағы зерттеулер).

Зерттеу жұмысы - «Экология. Тұрақты даму» бағыты бойынша бақылаулар, тәжірибелер мен зерттеулердің нәтижелерін қамтитын жұмыстар қатысады.

Өзөлкеңдітаныпбіл-туристік-өлкетануқызметін бейнелейтін жұмыстар - өлкетану, археопалеонтологиялық, этноэкспедициялары, туристік экскурсиялық маршруттары мен экологиялық соқпақтарды құрастыру.

Тарихбесігі-мұражай-мектеп мұражайларының қызметі,тарих және мәдениет ескерткіштерін зерттеу, өлкетану экскурсиялық маршруттарын құрастыру, экскурсиятану.

Ғылымғабастапқықадам-кіші буын оқушыларының зерттеу жобалары қатыса алады.

Конференция жұмысының қорытындылары 24 қараша күні шығарылып, қатысушылар жүлделі орындары үшін грамоталары және қатысу сертификаттарымен марапатталады.

Оқылды 91 рет