Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сәрсенбі, 22 Қараша 2017 11:31

ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ!

Павлодар қаласының жер қатынастары бөлімінің басшысы лауазымына Ботагөз Дүйсенбайқызы Карибаева тағайындалды. 1977 жылы туған, ұлты қазақ, Жоғары білімі бар. 2007 жылы Академик Сатпаев атындағы Екібастұз инженер-техникалық институтын «экономика» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1997 жылы бастады. 1997 жылдан 1998 жылға дейін - Ақсу қалалық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің маманы.

1999 жылдан 2005 жылдарға дейін - Ақсу қаласы жер ресурстарын басқару бөлімі, Ақсу қаласы жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемелерінде маман, бас маман.

2006 жылдан 2013 жылдарға дейін – Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімінде бас маман, сектор меңгерушісі, Павлодар қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде сектор меңгерушісі болып қызмет атқарды.

2013 жылдан 2015 жылға дейін – "Павлодар облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің ішкі әкімшілік ету бөлімінің бас маманы.

2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін "Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары.

Мемлекеттік қызмет өтілі 17 жыл 11 ай.

Оқылды 113 рет