Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сәрсенбі, 22 Қараша 2017 18:22

Павлодарда металл конструкцияларын шығаратын жаңа кәсіпорын ашылды

Павлодар қаласының орталық өндірістік аймағында металл өңдеу және металл конструкцияларын шығаратын жаңа «POSS DORCOM KZ» ЖШС кәсіпорыны ашылды: барьер түріндегі жол жиегіндегі қоршаулар, жаяу жүргіншілер жолындағы қоршаулар, жарықтандыру тіректері, ЭБЖ, белгілерге арналған тірек жақтаулар, стандартты емес жабдықтар, әр ттүрлі жетектегі рельс арбалар және де тағы да басқа бұйымдар.

«POSS DORCOM KZ» ЖШС жасаған металлконструкцияларының тот баспайтын болаттың қасиеттеріне ұқсас ыстық мырыштау жабындысы, шіруге төзімділігі бар. Сондықтан Павлодарлық кәсіпорынның өнімі қоршаған ортаның әсеріне көнгіш емес, соққыларға неғұрлым тұрақты және зақымданған учаскілерде өзін-өзі қалпына келтіру  қасиетіне ие. Қызмет ету мерзімі – 30 жылдан астам. Кәсіпорынның өнімі толықтай сертификатталған және кеден одағының регламенттеріне сәйкес барлық сынақтан өткен.

Кәсіпорынның өндірістік қуатының тәуліктік нормасы – 4 км дайын өнім.

Жаңа кәсіпорын жалпы көлемі 4 млрд. теңгеден аса қаржыны құрайтын жеке меншік инвестициялардың есебінен іске қосылды. Өндіріс орнын іске қосудағы бірінші кезеңіндегі инвестиция көлемі – 1 млрд. теңге. Кәсіпорында 60-тан аса жаңа жұмыс орны ашылды.

Бас аяғы 2017 жыл бойы Павлодарда 10 ірі инвестициялық жобалар іске қосылды – жалпы инвестиция көлемі 7 млрд. теңгеден асатын  әр түрлі бағыттағы жаңа кәсіпорындар.

Жылдың аяғына дейін жалпы инвестиция көлемі 20,0 млрд. теңгеден астам қаржыны құрайтын 9 жаңа бизнес нысаны іске қосылады деп жоспарлануда. Бұндай жобалар қаламыздың одан әрі экономикалық дамуына және қала тұрғындарына жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді.

Оқылды 110 рет