Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сәрсенбі, 29 Қараша 2017 14:43

«БЖЗҚ» АҚ «Зейнетақы жинақтарын сақтауға мемлекет кепілдігі» атты тақырып бойынша Ашық есік күні шарасына шақырады

АО «БЖЗҚ» АҚ барлық келем деушілерді 2017 жылғы 12 желтоқсанда сағат 10:00 Павлодар қ, Исиналиев қ, 1 ұ. мекенжайында өтетін Ашық есік күні шарасына шақырады

Шараға қатысушылар қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары қалай жұмыс істейді, ең бастысы мемлекет бұл жинақтардың сақталуына қалай кепілдік береді деген мәселелерді біле алады.

- Мемлекет кепілдігі бойынша төлемді алуға кімнің құқығы бар?

- Мемлекет кепілдігі бойынша төлемді алу үшін қайда жүгіну керек?

- Инфлияция деңгейінен төмен емес инвестициялық табысты ескере отырып,зейнетақы жинақтарының сомасы мен енгізілген жарналардың арасындағы айырма сомасын төлеу тәртібіқандай?

- Зейнетақы жинақтары бойынша мемлекеттік кепілдік қандай жағдайларда төленеді?

Осы және өзге де сауалдарға «БЖЗҚ» АҚ қызметкерлері тарапынан толық және жан-жақты жауап берілетін болады.

Барлық қатысушылардың зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекет кепілдігіне қатысты өздерін қызықтыратын сауалдарға, сондай-ақ, дербес кеңес алуларына мүмкіндіктері бар.

 

Оқылды 107 рет