Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сәрсенбі, 29 Қараша 2017 15:22

Тұңғыш Президент күні қарсаңында павлодарлық 400-ден аса отбасы жаңа пәтерлердің кілттеріне ие болды

2017 жылы Павлодар қаласында тұрғын үй құрылысы қарқынының күшеюі жлғасуда. Қазіргі уақыттта облыс орталығындағы қаржыландырудың барлық көздерінің есебінен салынған жаңа үйлердің құрылысының көлемі 128,0 мың шаршы метрді құрады, өткен жылмен салыстырғандағы көрсеткіш 54,4 %-ға жоғары.

Бүгін тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында 72 пәтерлі Павлов көшесі 95/1 мекенжайындағы жаңа тұрғын үйдің кілттерін табыстау рәсімі өтті.

Тұрғын үй «Өңірлерді 2020 дейін дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа «Сарыарқа» шағын ауданында тұрғын үй құрылысы нарығында өзін-өзі жақсы жағынан көрсете білген «Жәрдем» ЖШС компаниясымен салынды. Жаңа тұрғын үй құрылысының құны 468 млн. 606 мың теңгені құрады.

Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Аллюминстрой» шағын ауданындағы құлатылған ағаш үйлердің тұрғындары қоныс тойларын тойлайтын болады.

Бұл 2017 жылы «Сарыарқа» шағын ауданында салынған 4-ші тұрғын үй, ал жыл соңына дейін тағы да екі тұрғын үйді қолданысқа беру жоспарлануда (біріншісі – «Аллюминстрой» шағын ауданындағы ағаш үйлерден көшірілген тұрғындар үшін, екіншісі – жергілікті атқарушы органдардағы кезегін күткендерге және тұрғын үй жинақ банкінің салымшылары үшін).

Сонымен қатар қазіргі уақытта «Сарыарқа» шағын ауданында құрылыс мерзімі 2018 жылы аяқталуы тиіс 8 жаңа тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Және де Суворов көшесі, 53 және Суворов көшесі, 55 мекежайлары бойынша орналасқан екі тұрғын үйдің кілттерін табыстау рәсімі өтті.

Аталмыш үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Project City Group» ЖШС салынып, құрылыс құны 3 млрд. 400 млн. теңгені құрады.

«Байтерек Девелопмент» АҚ бағындағы жаңа үйлердің кілттеріне жергілікті атқарушы органдардың 360 кезегін күтуші ие болады. Аталған үйлердің жалдау құны 1 шаршы метрге 1110 теңгеден аспайды.

Оқылды 100 рет