Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Дүйсенбі, 27 Қараша 2017 11:58

Павлодарда Усолка өзені арқылы өтетін жаңа автокөлік жол көпірі ашылды

Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтарына Усолка өзенінің арғы бет жағалауына автокөліктерімен өтуге мүмкіндік туды. Бұған жаңа автокөлік жол көпірнің құрылысы себепші болмақ.

Жаңа металлдан құрастырылған көпірдің бір жақ өту жолағының ені 4 метрді құрайды және енін 1 метрден құрайтын екі қауіпсіздік жолағы бар. Көпірдің жалпы ұзындығы 87,29 метрді құрайды.

Көпірдің құрылысы бюджеттен тыс қаражаттардың есебінен жүзеге асырылды. Павлодар қаласы әкімдігі мен Павлодар облыстық «Қазавтожол» АҚ филиалы, «Павлодар өзен порты» АҚ және «Стальмонтаж» ЖШС арасында Усолка өзені арқылы өтетін автокөлік жол көпірінің құрылысын жүзеге асыру бойынша бірлескен ынтымақтастық туралы меморандумдар бекітілген болатын.

Ағымдағы жылдың жаз айында өдірістік жұмыстардың кестесі бекітіліп, 2017 жылдың қараша айында аяқталуы тиіс нысанның құрылысы басталған болатын. Қазіргі уақытта өтпелі көпірдің құрылыс бойынша барлық құрылыс-монтаждау жұмыстары толық көлемде аяқталды (28 қада, 7 көлденең ригель, 12 аралық құрылымдар, 6 едендік тақталар, қоршауға арналған 120 тірек, 168 метр қоршау орнатылды).

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен көпірдің оңтүстік жағынан шығатын жолдарға құм төсеу, жер төсемелерін жоспарлау, тиісті ауматы абаттандыру және оны құрылыс қалдықтарынан тазарту жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар автокөлік жол көпірінің эскиздік жобасына сәйкес 7 жарық бағана және де көпірге қосымша сәндік жарықтандырулар орнатылды.

Усолка өзені арқылы өтетін жаңа автокөлік жол көпірі құрылысының аяқталуы аталмыш аумақтың облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа демалыс аймағына айналуына мүмкіндік береді және өңірдегі туризм және демалыс салаларының дамуына жаңа серпін береді.

Келешекте Усолка өзенінің алқабында жалпы көлемі 15 га аумақты қамтитын, киіз үйлер қалашығы, амфитеатр, ойын, спорттық, жәрмеңке және көрме зонасы, қоғамдық тамақтану зонасы, қайықтар мен катамарандарды жалға алу, ат үстінде серуендеу және де тағы да басқа зоналар орнатылатын этноаул салу жоспарлануда. Сонымен қатар, болашақта триатлон және биатлонмен айналысу үшін әр түрлі қашықтықтағы трассаларды қамтитын қоғамдық-спорттық аймақ салу да жоспарлануда.

Сонымен бірге, Усолка өзенінің алқабында өзеннің алқабы аймағының инфрақұрылымын дамыту үшін асфальтбетонды жабындысы бар жолдың құрылысы және электр желілерін өткізу жоспарланған.

 

Оқылды 96 рет