ведутся работы Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне құқықты рәсімдеу тәртібі
Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сейсенбі, 09 Ақпан 2016 17:27

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне құқықты рәсімдеу тәртібі

| Автор:  

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43 бабы 3 тармағына сәйкес Жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқықтарының өздеріне берілуіне мүдделi жеке және заңды тұлғалар өтініш берушіге өтініштің берілгенін растайтын құжатты беретін, жер учаскесi орналасқан жер бойынша жергiлiктi атқарушы органға өтiнiш бередi.

Өтiнiште: жер учаскесiн пайдалану мақсаты; оның болжамды көлемi; орналасқан жерi; сұралып отырған пайдалану құқығы; басқа жер учаскесiнiң  болуы (болмауы), жер телімі шекарасының жобасы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісу  көрсетiлуге тиiс.


Елді мекендердің жерін бас жоспарларына (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейiнгi елдi мекендердi дамытудың және оларда құрылыс салудың осы жоспарларды алмастыратын схемасына) сәйкес кеңейту жағдайларын қоспағанда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы, жеке тұрғын үй құрылысына арналған және жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге арналған жердің нысаналы мақсатын өзгертуге жол берілмейді.

kz.xls

avia kz.xls

 baidala kz.xls

june kz.xls

 

Оқылды 1495 рет