ведутся работы Азаматтардың назарына!
Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сәрсенбі, 18 Қаңтар 2017 10:35

Азаматтардың назарына!

Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеуде ата-аналарға көмек көрсету үшін білікті мамандардың уақытылы және қолжетімді қызметтеріне қатысты мүгедек балаларды асыраушы ата-аналарға психологиялық көмек көрсету және кеңес беру үшін онлайн қолдау қызметі жұмыс жасайды (бұдан әрі – Қызмет).

Қызметтің негізгі міндеті психологиялық саулықты сақтау, отбасыда қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалды тудыру мен мүгедек балаларды тәрбиелеуші ата-аналарға психологиялық көмек көрсету болып табылады.

Қызмет жұмысын ұйымдастыруда «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК (қазіргі таңда «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы») мен «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» ҰҚУ-дың қолдауымен Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) басшылық етті.

Қызмет тек қана мүгедек балаларды тәрбиелеуші ата-аналармен жұмысты жүзеге асырады.

Университет неврология, жалпы психологиялық  және педагогикалық медицина курстарымен бірге психиатрия, наркология кафедрасының білікті мамандарын тарту жолымен психологиялық көмек пен кеңес беру қызметтерін ұсынады.

Қызмет жұмысы «Skype» бағдарламалық жасақтамасы арқылы Интернет-ресурстарының мүмкіндіктерін қолдана отырып ұйымдастырылды.

 

Бірыңғай 1411 шағын нөміріне тегін қоңырау шала отырып, мүгедек балалар тәрбиелеп отырған ата-аналардың психологиялық көмек пен кеңес алу  үшін кезекке тұру мүмкіндігі бар.

Мүгедек-балаларды тәрбиелеуші тұлғаларға онлайн-психологиялық кеңес беру Қазақстан–Ресей медициналық университетінің мамандарымен жүзеге асырылады.

Толық ақпаратты 1411 телефоны бойынша алуға болады. Сіз қалалық және ұялы телефон арқылы  қоңырау шала аласыз. Қоңырау шалу – тегін.

 

Онлайн-психологиялық кеңес алу үшін:

Интернетке қосылған компьютер;

Веб-камера

Компьютерге қосылған микрофоны бар құлаққаптар немесе динамиктер;

Бейнелі Skype арқылы алмасу бағдарламасы болу тиіс.

 

Қосылу үшін Skype (скайп атауы) адресі: krmu1411