Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сәрсенбі, 06 Сәуір 2016 09:52 Соңғы рет өзгертілді: Сәрсенбі, 19 Шілде 2017 15:37

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

Абрамович Валентин  Александрович, зейнеткер ,1930 жылы 15 маусымда туған.1955 жылы Ленинград инженерлік-құрылыс институтын аяқтаған соң бөлу бойынша Павлодар қаласына Алюминий зауытының құрылысына келген. Өз қызметін 1955 жылы Павлодарпромстрой СУ-І трестінде шебер қызметінен бастады. 1970 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін ҚазССР және ҚР Ауыр құрылыс Министрлігі Басты Павлодар құрылысы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

Азаров Евгений Григорьевич  1933 жылы 6 шілдеде туған.  КСРО минэнергоның атақты энергетигі, еңбек ардагері, «Павлодар облыстық сауда-өнеркәсіп палатасы» қоғамдық бірлестігінің кеңесшісі. Рязань теміржол техникумы мен  Новосібір құрылыс институтын бітірген. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

Аймағамбетов Амантай Сапарғалиұлы 1940 жылы туған. Еркін күрес бойынша ҚСРО спорт шебері,  ҚазССР Республикалық санатындағы судьясы, Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Коллегия мүшесі, Павлодар қаласының дене шынықтыру мен спорт бөлімі жанында қоғамдық баспа-хатшысы, Павлодар облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресінің Федерация мүшесі, Қазақстан Республикасының Журналистер Кеңесінің мүшесі, Павлодар қаласының спорт ардагерлер Кеңесінің басшысы балып табылады.

Аксенов Владимир Викторович   - 01.02.1935 жылы туған.  ҚСРО Ұшқыш-космонавт, 2 мәрте Кеңес  Одағының Батыры, техника ғылымының кандидаты. 1963 жылы Бүкілодақтық сырттай Политехникалық институтын бітірген. 1973 жылдары косманавттарды даярлау Орталығында жұмыс істеген. 1976 жылдың қыркүйегінде «Союз- 17» космос кемесінде бірінші рет космосқа ұшты. 

Аликов Рақымберды Жақиянұлы – 01.01.1919 жылы туған. ҰОС ардагері, ҚазҚСР ағарту ісінің үздігі. Семей қаласындағы педагогикалық институтының математика факультетін тәмамдады. Еңбек жолын мұғалім болып бастады. Кейін мектеп директоры лауазымында еңбек етті. 2013 жылы қайтыс болды. 

Андреенко Борис Петрович - 13.03.1954 туған. ҚР коньки тебу спорты бойынша еңбек сіңірген бапкері.  1978 жылы дене шынықтыру мұғалімі мамандығын тәмамдады. 20 жыл бойы ол облыстық олимпия резервтің балалар мектебінде бапкер болып істеген.   Спорт пен мәдениеттің үлкен жетістіктері үшін ол «Қазақ ҚСР бойынша коньки тебу спортының еңбек сіңірген бапкері» атағына ие болды. 2012 жылы қайтыс болды. 

Андронов Александр Васильевич 1925 жылы туған.  ҚазССР  еңбек сіңірген құрылысшысы, ҰОС қатысушы. 1956 жылдан «Жилстрой» трестінде еңбек етті. Ленин орденімен марапатталды. 1999 жылы қайтыс болды.

Арынғазина Клавдия Шаймарданқызы - 15.09.1936 жылы туған. 1961 жылы Қазақ политехникалық институтын тәмамдады. Еңбек жолын Павлодар қаласының гидрогиологиялық экспедициясынан бастады. 15 жылдан астам Павлодар қаласының Ильичевский аудандық атқару комитетін басқарды. 2005 жылдан бастап қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып еңбек етуде. «Құрмет белгісі» Орденімен марапатталды. 

Асылханов Табылды Мұқанұлы - 01.04.1936 жылы туған. ҚСРО денсаулық сақтау жүйесінің ардагері. 1958 жылы Алматы қаласының мемлекеттік медициналық институтын бітірген. 20 жылдан астам Павлодар қаласының №1 емханасының бас дәрігері болып қызмет етті.

Әлкенов Асығат Әлкенұлы 1935 жылы 10 мамырда туған. ҚСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген металлургі. «Қазақстан алюминийі» АҚ президентінің кеңесшісі,  техника ғылымының кандидаты, ҚР МРА корреспондент мүшесі, алюминий өнеркәсібінің еңбек ардагері. Қазақ ТМИ металлургия факультеті бойынша тәмамдады.

Әнуарбек Мұхамеджанұлы Балғожин 1940 жылы Павлодар облысы Ақсу ауданыныңЖолқұдық(қазір Қ. Камзин ауылы) совхозында жұмысшы отбасында дүниеге келген. 1957 жылы мектепті бітіргеннен кейін, Новосібір инженерлік-құрылыс институтының құрылыс факультетіне «Жылу электр станцияларының құрылысы» мамандығы бойынша оқуға түсті. 1963 жылы институтты тәмамдаған соң, шебер ретінде еңбек қызметіне кірісті. Құрылыс ұйымдарында және ТББ мен К зауытында басшылық лауазымдарда еңбек етті. 5 жыл Вьетнамда Құрылыс бойынша Бас Кеңес сарапшысының орынбасары болды. Еңбек қызметімен қатар, қалалық кеңестің депутаты ретінде қоғамдық жұмыспен айналысқан. Өз еңбек жолын, шығармашылық байқауларын, әйгілі және қызықты адамдармен болған кездесулері мен сұхбаттарын Ә.М. Балғожин өз шығармаларында бейнелеген. Оның очерктері, әңгімелері Республикалық және облыстық газеттерде, журналдарда қазақ және орыс тілдерінде басылған.

Әубәкіров Аманжол Базарбайұлы - 30.11.1945 жылы туған. Құрметті құрылысшы және ҚР ағарту үздігі, республиканың дербес ардагері. 1969 жылы Павлодар қаласының Индустриалды институтын бітірген. Оның еңбек еткен жылдары Екібастұз-Целининград темір жол желілері салынып, зауыттарда темір жол желілері іске қосылды. «Құрмет Белгісі» Орденімен марапатталды.

Аубанова Гүлфаз Кенжетайқызы 1958 жылы туған. Дәрігер – емдеуші мамандығы бойынша Семейдің мемлекеттік медициналық институтын, Экономист-қаржы мамандығы бойынша Қазақстандық  қаржылық – экономикалық университетін аяқтаған. Әлеуметтік ғылым кандидаты. Дәрігер-интерн, дәрігер-микропедиатр, Павлодар қаласының перзентханасының бас дәрігері (1981-1990); Павлодар қаласының 2-ші қалалық емханасының аға дәрігері 1990-1993);   Павлодар қаласы облыстық емханасының бас дәрігерінің меңгерушісі (1993-1996); Павлодар қаласы «Данель» медициналық мекемесінің директоры, бас дәрігері (1996-2005); Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы (Департамент директоры) (2005-2009); Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің Павлодар облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметін бақылау комитетінің департамент директоры (2009 жылдан бері).

Ахметов Бейсен Ахметұлы – 1913 жылы туған. Халық ағарту ісінің үздігі, ҚазҚСР еңбек сіңірген ұстазы. 1940 жылы  С.И. Киров атындағы қазақ мемлекеттік институтын тәмамдады. Соғыстан кейінгі жылдары математика пәнінің мұғалімі болып еңбек етті. 1948 жылдан бастап Павлодар қаласындағы педагогикалық училищесін басқарды. Басшы лауазымында 24 жыл бойы істеді. 1984 жылы қайтыс болған.

Байғалы Шолпан Байғалықызы 1948 жылы туған. Мемлекеттік тілдің, журналистиканың, ауыз және ән шығармашылығының дамуына салмақты үлес қосты.

Байзақова Әсия Байзаққызы - 18.12.1933 жылы туған. 1957 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік универститетін, 1973 жылы ЦК КПСС құрамындағы жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын Павлодар қаласындағы сүт зауытында бастаған. 1973 жылдың сәуір айында  Индустриалды аудандық комитет партиясының бірінші хатшысы болып сайланды. Ол Павлодар облысының тарихында бірінші хатшы лауазымында еңбек еткен бірінші әйел адам еді.

Бакланов Анатолий Васильевич -  Социалистік Еңбек Ері, Павлодар алюминий зауытында жентектеу мамандығында қызмет етті. Қызыл жұлдыз орденімен марапатталды. 1995 жылы қайтыс болды.

Бекқожин Қалижан Нұрқожаұлы - 1913 жылы туған.  Қазақстанның Халық жазушысы, ҚазССР мемлекеттік премиясының лауреаты, ҰОС қатысушысы, ҚР жазушылар Кеңесінің мүшесі, Павлодар қаласының тумасы. 17 жастан бастап «Колхоз» газетінің редакциясында жұмыс істеді. 1938 жылы Абай атындағы қазақ педагогикалық институтын бітірген. 1939 жылы оның «Лесная девушка» атты бірінші кітабы жарық көрді. 1990 жылы қайтыс болды.

Беркетов Сапарбек Сұлтанұлы  1933 жылы 6 қазанда туған. ҚСРОның еңбек сіңірген металлургі және  химигі, академик. Қазақ тау-металлургия институтын тәмамдаған. Еңбек Қызық Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталды. Қазақстан Республикасының дербес зейнеткері.

Блинов  Лаврентий Иванович - 25.08.1928 жылы туған. Дәрігер, ҚСРО денсаулық сақтау жүйесінің үздігі. 1952 жылы Казань қаласының медициналық институтын бітірген. Еңбек жолын санитарлық дәрігерден бастады. «Құрмет белгісі» Орденінің иегері. 2017 жылы қайтыс болды.

 

Бобров Владимир Яковлевич – 1953 жылы туған. ҚР Парламенті Сенатының депутаты, техника ғылымдарының кандидаты. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

Болат Дүйсенбекұлы Оразғалиев 1947 жылы дүниеге келген. Павлодар облысыныңденсаулық сақтау жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан. Павлодар облысында денсаулық сақтау департаментінің бастығы болып жұмыс істеген жылдары Ертіс, Екібастұз, Шарбақты және Лебяжі ОАА, неонатальдық орталық, балалар үйі, балалар стоматологиялық емханасы, облыстық қан орталығы, спид орталығы, 2 емхана, 3 емхана, қазіргі Республикалық наркология орталығы, облыстық балалар ауруханасы, жедел жәрдем станциясы және Павлодар қаласында ЖМЖА, перзентхана, Екібастұз қаласында балалар ауруханасы, бірқатар амбулаториялар мен ФАП салынды. Алғаш рет мекемелер УДЗ аппараттарымен, томографтармен, компьютерлермен қамтылды, медициналық көмек стандарттары енгізілді, медициналық сақтандыру негіздері қаланды. Орта буын қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бөлімшелері, медицина қызметкерлеріне арналған профилакторий, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы құрылды, онкодиспансер, балалар туб.санаторий жағдайлары жақсартылды, Германия, АҚШ, ҚХР, Кубамен халықаралық байланыстар орнатылды. Алғаш рет препараттарды сатып алу бойынша тендерлер өткізілді. 

Ван Хоут  Леонардо -  3.05.1926 жылы туған. Нидерландағы Еуропалық филантроп, құқық зерттеуші, өнер зерттеуші, философ, «Гермеринг» қорының құрушысы, Нидерланды Мемлекетінің азаматы. Оның бастамасымен Еуропа елінен Павлодар қаласындағы  мұқтаж азаматтарға гуманитарлық көмек ұйымдастырылды.

Василий Васильевич Троцкий 1940 жылы дүниеге келген«Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы». 1968 жылы диплом қорғап, инженер-құрылысшы атағын алды, ал 1962 жылғы желтоқсаннан бастап «Стальконструкция» басқармасына Алюминий зауытының объектілерін құрастыратын монтажшы болып жұмысқа тұрды. Осы ұйымда монтажшы, шебер, инженер, ӨТБ бастығы, бас инженер болып 1975 жылға дейін жұмыс істеді. 1978 жылы Республиканың Павлодар аумақтық өндірістік-өкімдік Минмонтажспецстрой басқармасының бас инженер лауазымына жұмысқа ауыстырылды. 1980 жылдан 1988 жылға дейін Алюминий, мұнай өңдеу, трактор зауыттары мен басқа да кәсіпорындар объектілерінің жабдығын жинақтаумен айналысқан осы «Строймонтаж» басқармасының бастығы. Осы кезеңде басқарма ұжымының қаражаты есебінен «Монтажник» демалыс базасы салынды. Өз қызметінің барлық кезеңінде қаланың қоғамдық өміріне тұрақты қатысып отырды. Ғылыми-техникалық қоғамның төрағасы, қалалық кеңестің депутаты, басқа қоғамдық және партиялық ұйымдардың мүшесі болып сайланды.

Веселов Борис Алексеевич  1933 жылы 9 желтоқсанда туған. Коммуналдық-құрылыс техникумын бітірген. «ПавлодарГлавстрой» трестінің жетекшісі болды. 1957 жылдан 1985 жылға дейін облыстық және қалалық депутаттығына сайланды. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.

Ворушин Иван  Денисович - 1923 жылы туған. ҰОС қатысушысы,  I, II, III  дәрежелі Кавалер орденінің иегері. 1979 жылдардан бастап ұстаз болып, кейін азаматтық қорғаныс штабында жұмыс істеді. 1999 жылы қайтыс болды.

Галеев Минир Хамитұлы 1941 жылы туған. Павлодардың жол-құрылыс материалдары комбинатының директоры. 1993 жылдан бастап – «Павлодар облысының татар-башқұр қоғамдық-мәдениет орталығы» ҚБ төрағасы. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Ақсақалдар алқасының» төрағасы, Қазақстан татар және башқұрт Ассоциациясының Президиум мүшесі.

Гальченко Александр Владимирович  1932 жылы 14 сәуірде дүниеге келді. Софий мемлекеттік университетінде инженер-құрылысшы мамандығын игерді. 36 жылдан астам «Павлодаржилстрой» трестінде еңбек етті. «Құрмет белгісі» Орденімен марапатталды. Құрылыс саласындағы еңбек өтілі 39 жыл.

Горбунов Сергей Александрович 1950 жылы туған. «Строитель» Павлодарстрой көп тиражды газетінің тілшісі, облыс теледидарында, «Нива», «Звезда Прииртышья» қала маңының аудандық газетінде аға тілшісі, ТД қоғамдық-әлеуметтік редакциясының редакторы, ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, экономика бөлімінің меңгерушісі лауазымында жұмыс істеген. 1992 жылы Павлодар облысы бойынша қазақ телеграфы агенттігінің (ТАСС) меншікті тілшісі. Павлодар облысы бойынша республикалық «Казахстанская правда» газетінің меншікті тілшісі. «Красно-белый дед», «Поезд дальнего следования», «Не поле перейти…», «Жизнь продолжается»,  «Память сердца» әңгімелері оқулығының, «Экибастуз – моя биография» очерктерінің ұжымдық жинағының авторы.

Губарев Алексей Александрович -  21.03.1931 жылы туған. ҚСРО Ұшқыш-космонавт, 2 мәрте Кеңес  Одағының Батыры, авиацияның генерал-майоры. 1952 жылы ұшқыштар авиациялық училищесі мен 1961 жылы Ю.А. Гагарин атындағы әскери-әуе академиясын тәмамдады. 1975 жылы «Союз- 17» космос кемесінде космосқа ұшты.

Григорян Карлен Артаваздович – 28.10.1935 жылы туған. Еңбек жолын 1954 жылы Ленонокандық текстиль комбинатында фрезеровщик болып бастады. КӘ қатарында қызмет етті, одан кейін Иванов мемлекеттік университетіне дене шынықтыру факультетіне оқуға түсті. Ол 1968-1989 жылдары Павлодар қаласы балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры болып қызмет атқарды. Оның басшылығымен балалар-жасөспірімдер мектебі 20 жыл бойы үздіктер қатарынан орын алды. Карлен артаваздовия – еңбек ардагері, Қазақстан Республикасы спортының құрметтік қызметкері.  

Данбай Шухрат Әбдурашитұлы 1963 жылы туған. «Томирис» ЖШС, «Казтоммунай» ЖШС, «Гелиос» ЖШС сияқты мұнай газ салаларының ірі компанияларын басқарған.  «ПМХЗ» АҚ бас директоры. «Павлодар өңірінің бокс федерациясы» ҚБ президенті, «Ертіс» хоккей клубының президенті, «Нұр Отан» ХДП ПОФ әлеуметтік кеңес бюросының мүшесі. Экономиканың ғылым кандидаты, DBA (іскер әкімшілігінің докторы).

Демесинов Хатип Хабиевич - 1924 жылы туған. Одақ бойынша дербес зейнеткер, саясат қайраткері. Павлодар облысының әртүрлі аудандарында партия, комсомол, кәсіподақ ұйымдарында  жұмыс істеген. 2003 жылы қайтыс болған.

Демесинов Махмет Демесінұлы – 1933 жылы туған. 1965 – 1975 жылдар аралығында «Ленин жолы» совхозының партиялық ұйымын басқарған. Жұмыс өтілі мезетінде бірнеше рет жергілікті кеңестің депутаты, 1966 аудан комитетінің мүшесі болып сайланған. Көп жылғы адал еңбегі, Ленин кентінің әлеуметтік дамуына жеке үлес қосқаны үшін Павлодар қаласының әкімі, Павлодар қалалық мәслихатының және Павлодар облысы ардагерлер кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Деров Артемий Иванович – 1856 жылы туған. 1-ші Гильдия Купеці, Павлодар қаласының бұрынғы басшысы (1886-1896 г.), демеуші, жебеуші.

Дүйсекеев Елеусіз Фазылұлы 1960 жылы туған. № 5 БЖОМ бокс жаттықтырушысы, ОБЖМОР директоры қызметін атқарған. Қазіргі уақытта «Олимпиядалық резервті даярлау орталығы» ММ директоры. Бокс бойынша халықаралық сыныптамасының КСРО спорт шебері, АИБА санатының Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы. 

Елубаева Қантай Әмірханқызы 1924 жылы туған. 1945-1949 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ педагогика институтында «тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша оқыған.  1949 жылы үлестіру бойынша Павлодар педагогика училищесіне келіп 30 жыл жұмыс істеген. Қантай Әмірханқызы – Ұлы Отан Соғысының,  еңбек, педагогикалық еңбек ардагері. 2013 жылы қайтыс болды.

Жазин  Амур Нұрмұхамбетұлы - 13.02.1935 жылы туған. 1959 жылы Ленинград қаласындағы Политехникалық институтын бітірген. Еңбек жолын Балқаш қаласында инженер мамандығы бойынша бастады. 1963 жылдары Павлодар қаласының Алюминий зауытында да инженер қызметін жалғастырды. Алты жыл бойы Павлодар қалалық атқарушы комитетін басқарды. 1987 жылы – Павлодар облысы атқарушы комитетінін хатшысы. Павлодар облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы. 6 медальмен марапатталған еңбек ардагері. 

Ермаков  Николай Алексеевич – 1941 жылы туған. 1963 жылы монтажшы болып, монтаж бригадасының бригадирі болды. 1968 жылдан бастап Строймонтаж трестінің мастері қызметін атқарды. 1968-1981 жылдары прораб, участок бастығы, Строймонтаж басқармасы бастығының орынбасары болды. 1981 жылы зейнетке шыққанға дейін Қаз КСР  Промтехмонтаж Минмонтажспецстрой Басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. Николай Алексеевич  -құрылыс саласының ардагері, Павлодар қаласы құрылысшы ардагерлер Кеңесінің төрағасы.

Жылқыбаев Мақажан Несіпбайұлы – 1937 жылы туған. Н. К. Крупский атындағы педагогикалық мемлекеттік институтты бітірген. Ол өз өмірін ағарту ісінің қызметіне, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуге арнаған.  «ҚазССР халықтық білім берудің еңбек сіңірген қызметкері» атағын алған, «Құрмет» орденімен, «Еңбек ардагері» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойы медальдарымен,  «Ы. Алтынсарин» төс белгісімен, «ҚазССР халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.

Исаев Борис Васильевич 10.06.1932 жылы туған. Қазақстан Республикасының дербес зейнеткері, ЦК КПСС жанындағы Павлодар обкомының бірінші хатшысы болған. 1934 жылы Владивосток қаласындағы жоғары теңіз жүзушілік  училищесін бітірген.

Қабдуәлиев Зейнекен Қабдуәлиұлы  1923 жылы 13 наурызда туған. ҰОС қатысушысы, құрылысшы-сәулетші, республикалық деңгейдегі зейнеткер. Павлодар облысының құрылыс және сәулет істері бөлімін басқарды. Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі орденімен марапатталды.  Құрылыс саласындағы еңбек өтілі 39 жылдан асады. 2013 жылы қайтыс болды.

Қайырбаев Махмет Қайырбайұлы – 1925 жылы туған. ҰОС қатысушысы, Кеңес Одағының Батыры, полковник. Семей қаласының педагогикалық институтын тәмамдады. Әскерден  кейін партия және совет органдарында еңбек етті. 1976 жылдары Павлодар облысы атқарушы комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. 1996 жылы қайтыс болды. 

Қайырбеков Төкен  Кайырбекұлы - 20.08.1931 жылы туған.  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, ҚР денсаулық сақтау Орталық Кеңесі  облыстық филиалының кәсіподақ қызметкерлерінің төрағасы. 1957 жылы Алматы қаласының мемлекеттік медициналық институтын бітірді. Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» Ордендерімен марапатталды. 2012 жылы қайтыс болды.

Қайыпов Қамаш Хамитұлы - 30.05.1932 жылы туған. Еңбек ардагері, жергілікті дербес зейнеткер. 40 жылдан астам облыстық тұтынушылар одағы жүйесінде еңбек етті. І, ІІІ дәрежелі «Еңбек Атағы» Орденімен марапатталды.  2014 жылы қайтыс болды. 

Камалитдинова Рашида Гайнутдинқызы - 20.05.1919 жылы туған. Қазақстан Республикасының дербес зейнеткері. 1954 жылы Семей қаласындағы педагогикалық институтын, 1964 жылы ЦК КПСС құрамындағы Жоғары партия мектебін  бітірген. 32 жыл бойы партия-совет жұмыстарында еңбек етті. 2014 жылы қайтыс болды.

Қамзин Шора Қамзаұлы  1928 жылы туған. ҚСРО қаржы саласының үздігі. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін экономика мамандығы бойынша тәмамдаған. Қалалық қаржы бөлімін басқарды. Қаланың қаржы органдарында 40 жылдан аса еңбек етті. 1996 жылы қайтыс болды.

Қани Арман Бақтанұлы – 22.02.1954 жылы туған. 1955 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін сырттай бітірді. 1990 жылдың басынан бастап бұқаралық ақпарат құралдарында журналист болып қызмет жасайды. Арман Бақтанұлы – Қазақстан жазушылар одағы Павлодар облысы филиалының директоры, Қазақстан жазушылар Одағы Басқаруының мүшесі, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Найзатас»  облыстық әдеби-көркемсурет журналының редакторы, «Ертіс дидары» облыстық қоғамдық газетінің редакторы, ақын, журналист, қоғам қайраткері. 

Қоңырбаев Темірғали - қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Омбы темір жолы бойындағы Ақмола бекеті жанындағы ФЗО мектебін  тәмамдап, депо темір ұстасы мамандығын алды. Целина теміржолы Павлодар бөлімшесінің құрал-сайманшысы.  1983 жылы қайтыс болды.

Кривенко Иван Илларионович – 1925 жылы туған. ҰОС қатысушысы, Кеңес Одағының Батыры. Әскерден кейін 1946 жылы Октябрь астық совхозында және №53 СПТУ-да жұмыс істеген. 1967 жылдан бастап Павлодар трактор зауытында еңбек еткен. Үздік жұмысы үшін «Коммунистік еңбек үздігі» атағына ие болды. 2001 жылы қайтыс болды.

Құрманов Қаратай Жүсіпұлы - 29.03.1930 жылы туған.  Инженер – құрылысшы, техника ғылымының кандидаты, профессор, облыстың дербес зейнеткері. Мәскеу қаласындағы Ленин ордені мен Еңбек Қызыл Туы институтының темір жол көлігінің инженері факультетін тәмамдады. Еңбек жолын Павлодар қаласының құрылыс басқармасынан бастады.

Лагутин Иван Васильевич -  1913 жылы туған. ҰОС қатысушысы, мүсінші, өлкетанушы, Г. Потанин атындағы тарихи өлкетану мұражайының бұрынғы директоры, облыстық көркем мұражайының негізін қалаушысы. 1960-шы жылдары Баянауылдың әсем жерлеріне бірінші туристік маршруттарды жете дамытқан.

Лобанов Анатолий Ефимович - 1934 жылы туған. Хореограф, ҚР еңбек сіңірген мәдениет саласының қызметкері, «Павлодарочка» халық би ансамблінің жетекшісі.

Ломов Александр Васильевич 1928 жылы туған. ҚазССР еңбек сіңірген құрылысшысы. 1950 жылы Воронеж инженерлік-құрылыс институтын тәмамдаған. «Павлодарпромстрой» басқармасында инженер болып қызмет атқарды. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталды. 1994 жылы қайтыс болды.

Лузянин Юрий Алексеевич  1930 жылы 7 қаңтарда туған. Инженер-механик, мемлекеттік маңызы бар дербес зейнеткер. «В. Ильич атындағы Павлодар трактор зауытының» бұрынғы директоры. Томск политехникалық институтын бітірген. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

Махмудов Джафар Джафарович  -  26.08.1937 жылы туған.1970 жылы Павлодар қаласының таксомотор паркінде еңбек етіп, 1973 жылы Павлодар қаласы трамвай басқармасының басшысы болып тағайындалды.  Қалалық өкілдік органдарының депутаты.

Мезько Виталий Дмитриевич 1940 жылы 13 тамызда туған. ҚР Құрметті құрылысшысы,  «Қазақстанның сәулеті мен құрылысы» Алтын кітабына енгізілген. «Құрылыс» МҚБ ЖШС директоры. Алюминий, трактор, мұнай өңдеу және химия зауыттары секілді қаланың барлық  ірі объектілерінің салынуына өз үлесін қосты.

Мұқанов Ғафур Мұқанұлы - 1932 жылы туған. ҚазҚСР білім озаты. ҚР Құрметті білім  қызметкері. 1954 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ  үздік тәмамдаған. 1996 жылдан бастап С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің "Математика" кафедрасының профессоры.

Наурызбаева Гүлбарам Әуезханқызы – 1954 жылы 25 мамырда туған. 1975 жылы «Орта білім беру мектебінің математика мұғалімі» мамандығы бойынша Павлодар педагогикалық институтын, 1999 жылы – «Экономика-заңгер» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Жалпы еңбек өтілі 35 жылды құрайды, қазіргі уақытта Павлодар облысы балалар құқығын қорғау бойынша департаментінде директор лауазымында жұмыс істейді. «Ы. Алтынсарин» төс белгісімен, «Астанаға – 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойы медальдерімен, «Облыс алдындағы жетістіктері үшін» белгімен марапатталған.

Нұркин Қабдеш Темірбайұлы - 10.07.1923 жылы туған, 2014 жылы қайтыс болды. Мемлекеттік органдар жүйесінің еңбек ардагері, ҰОС мүгедегі. Қызыл Жұлдыз Орденімен және  екі «Құрмет белгісімен»  марапатталды. 1942 жылы Павлодар қаласының педагогикалық техникумын бітірді. 1942 жылы Кеңес Әскеріне шақырылды. 1943 жылдары – атқыштар ротасының командирі. Сталинградты босату майданында соғысқан.

Омаров Қазбек Мағзиұлы,1942 жылы 20 маусымда туған, Павлодар облысы Лебяжі ауданының  Ямышево ауылында туған. Мектепті бітірген соң индустриалды институтқа оқуға түсіп, оны 1966 жылы өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша аяқтаған. Қызметін «Жилстрой» трестінің тас қалаушыдан бастаған. Еңбек жолы тас қалаушыдан басталып Павлодар қаласы әкімінің орынбасарына дейін жеткен. Құрылыс саласында және мемлекеттік қызметте жұмыс істеген. 2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Биосфера» НПП ЖШС бас маманы болып табылады. Павлодар қаласының заманауи коммуналдық шаруашылығын құру және дамыту бастауында тұрған, «Биосфера» НПП ЖШС бас маманы.

Омаров Мұхит Мүрсәліұлы -  19.10. 1948 жылы туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Павлодар индустриалды институтын, РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірді. Мұхит Мурсалиевич – экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисті, Қазақстан журналисттер Одағы премиясының лауреаты, Еуразия халықаралық журналисттер академиясының академигі.  

Пешин Петр  Васильевич - 1926 жылы туған. ҰОС қатысушысы,  I, II, III  дәрежелі Кавалер орденінің иегері. 1943 жылдарда фронтқа шақырылды.  1-ші атқыштар батальонының, 414 атқыштар дивизиясының сержанты, Карел, Белорус және  Прибалтикалық фронттарында ерекшеленді. 2002 жылы қайтыс болды.

Пішембаев Мейрам Құдайбергенұлы – 1959 жылы туған. Экономика ғылымдарының докторы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Құрмет» орденімен марапатталған.

Поляков Владимир Максимович – 1936 жылы туған. В. М. Поляков өзінің еңбек қызметін, Алматы техникумын бітіргеннен кейін 1956 жылы Қашыр аудандық мәдениет бөлімінің аға инспекторы ретінде бастаған.  Қала мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғын үй және басқа объектілердің құрылысын ұйымдастыруға, тұрғындардың әлеуметтік қорғауын нығайтуға үлесін қосқан. «Еңбек ардагері», «Қажырлы еңбегі үшін», «Тың жерлерін игеру үшін» медалімен, «Қазақстан киномотографиясының үздігі» төс белгісімен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Поминов Юрий Дмитриевич 1953 жылы 22 ақпанда туған. 1977 жылы ҚазМУ журналистика  факультетін бітірген, содан кейін тілші болып жұмыс істеген,  облыстық «Звезда Прииртышья» газетінде редактордың орынбасары, 1988 жылдан 2012 жылға дейінгі аралықта редактор, 2012 жылдан бастап редактор-шолушы. 1990 жылдан бастап «Нива» қазақстандық әдеби-көркем журналының сарашылар алқасының мүшесі. Қазақстанның журналистер Одағы облыстық ұйымының төрағасы. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, Ресей жазушылар Одағының мүшесі. Журналистиканың дамуына, облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің қалыптасуына үлес қосқан,  2007 жылыгазет жалпыұлттық «Алтын жұлдыз» журналистік сыйлығымен марапатталды. Қазіргі уақытта облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің редактор-шолушысы.

Предеха Михаил Егорович – 1935 жылы 23 ақпанда туған. 1958 жылы Воронеж ауыл шаруашылық институтын, 1975 жылы КОКП ОК Жоғары партиялық мектебін бітірген. 1958-1995 жылдары бас агрономнан Павлодар облысының агроөнеркәсіп комитеті төрағасына дейінгі жолды өткен.

Прокашева Людмила Вячеславовна   23.11.969 жылы Павлодар қаласында туған. ҚР  коньки тебу спортының еңбек сіңірген спорт шебері,  олимпия  ойындарының қола жүлдегері (Япония-Нагано), екі рет Азия чемпионы, 5 алтын медальдарының иегері, ҚСРО, ТМД және Еуропа  чемпионы. Павлодар қаласының педагогика институтының дене шынықтыру мұғалімі факультетін бітірді.

Пульга Михаил Николаевич -  4.02.1936 жылы туған. Композитор, Қазақстан КСР мәдениет саласының еңбек сіңірген қызметкері, «Пламя» халық ансамблінің жетекшісі, 20 жыл бойы жастарды тәрбиелеп, шәкірттер өсірді. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де шығармашылық ұжымдармен жұмыс істеуін тоқтатқан емес.

Рюмкин Александр Васильевич -  28.08.1945 жылы туған.17 жыл бойы қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген. 1991 – 1994 жылдары Павлодар қаласының әкімі болған.

Рязанцев Иван Дмитриевич  1930 жылы туған. Инженер-құрылысшы, аймақтық  көлемдегі әкімшілік-саяси жетекші. Павлодар индустриалды институының түлегі. Әр түрлі медальдармен, Құрмет грамоталарымен марапатталды, құрылыс саласында 30 жылдан аса еңбек етті.  2010 жылы қайтыс болды.

Сабырханова Әлия Жәкенқызы – 1946 жылы туған. 1968 жылы Красноармейка учаскесінің емханасында бас дәрігер болып жұмыс істеді. 1969 жылдан бастап 1972 жылға дейін Павлодар орталық емханасының бас дәрігер орынбасары болып қызмет істеді. Семей медицина институтының акушерлік және гинекологиялық кафедрасы клиникалық ординаторын аяқтағаннан кейін 1974 жылдан бастап «Мойылды» шипажайының бас дәрігері, бас дәрігердің орынбасары, бас дәрігердің меңгерушісі жұмысын істеді. 1983 жылдан 1985 жылға дейін ҚазКСР медицина жұмыскерлерінің Павлодар обком кәсіби одағының төрағасы.  1985 жылдан Қазақстан Компартиясының Павлодар обкомының аппаратында ұйымдастыру-партиялық жұмысының, ғылым және оқу мекемелері бөлімінің, идеологиялық бөлімнің инструкторы болып жұмыс істеді. 1990 жылдың басынан 2013 жылғы наурызға дейін Павлодар медициналық колледжінің директоры. 2013 жылғы наурыздан бастап – «Павлодар медициналық колледжі» КМҚК медициналық қосымша білім беру және фармацевтика жұмысшылары орталығының басшысы. 2017 жылы қайтыс болды.

 

Сарқыншақов Әби Сарқыншақұлы 1934 жылы 11 мамырда туған. Зейнеткер, Целинная темір жолы Павлодар бөлімшесінің бастығы қызметін атқарды. Ташкент институтын ТЖК инженері мамандығы бойынша тәмамдады. Оның бастамасымен Павлодар қаласында балалар темір жолы салынды. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.

Сарычев Георгий Иванович 1915 жылы туған. Алдыңғы қатарлы металлург, ҰОС қатысушы, «Бейбітшілік үшін күрескер» медалінің кавалері, Павлодар алюминий зауытыныңеңбек сіңіргенжұмыскері. 1965 жылға дейін Павлодар алюминий зауытында еңбек етті.  Павлодар қаласы ақсақалдар кеңесінің төрағасы болып сайланды. ҰОС, Қызыл жұлдыз ордендерімен марапатталды.  2002 жылы қайтыс болды.

Сафарбаков Альберт Мансурович 1940 жылы туған. Директорлар Кеңесінің мүшесі,

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ мен «Павлодар таратушы электржелілік компания» АҚ тәуелсіз директоры.

Соколкин Эрнест Дмитриевич – 1936 жылы туған. ҚР мәдениетінің құрметті қайраткері, көрнекті өлкетанушысы. Оның қатысуымен 30 аса буклеттер, жол көрсеткіштер, Ертіс өңірінің туристік схемалары, оқулықтар мен оқу материалдары шығарылған. «Еңбек ардагері» медалімен, ҚР ММ «Мәдениет қайраткері» Құрмет белгісімен, «Облыстың ең үздік мәдениет қызметкері» белгісімен марапатталған.

Стричишин Василий Васильевич – 1939 жылы туған. 1959 жылы машина құрылысы техникумын аяқтағаннан кейін Павлодар облысына білім беру жүйесіне жұмыс істецге бағытталған. 1973 жылы Павлодар қ. Индустриалдық райисполкомының төрағасы болып тағайындалды. 1980 жылы обком партиясы өнеркәсіпиік-көлік бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 1994 жылы зейнетке шығар алдында көлікті бақылау облыстық басқармасының  басшысы. 2005 жылдан 2011 жылға деін – ҚР Парламент Мәжілісі депутаты В. Я. Бобровтың қоғамдық көмекшісі.

Сыздықов Серім Уахапұлы – 1952 жылы туған. 1977-1980 ж.ж. Павлодар қ. № 5 поликлиникасының хирург-травматолог дәрігері. 1980-1991 ж.ж. «Г. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық емханасыны» ҚМҚК травматология-ортопедия бөлімінің травматолог-ортопед дәрігері. 1991 – 1999 ж.ж. «Г. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық емханасыны» ҚМҚК травматология-ортопедия бөлімінің меңгерушісі. 1999 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Г. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық емханасыны» ҚМҚК бас дәрігері.

Скворцова Валентина Федоровна - 01.11.1939 жылы туған. Гурьев педагогикалық институтын бітірді. 1970 жылдан бастап Павлодар қаласы және облысының кеңес және партия мекемелерінде басқару лауазымдарында қызмет жасады. Валентина Федоровна – облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары.

 

Тереник Мария Серафимовна  - 25.02.1929 жылы туған. Ақын, драматург, ҚР дербес зейнеткері, ҚР халық жазушысы, тарих ғылымының кандидаты, профессор. Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының түлегі. 20 кітаптың авторы болып табылады.

Ткачев  Григорий  Устинович – 1914 жылы туған. ҰОС қатысушысы,  I, II, III  дәрежелі Кавалер орденінің иегері. Павлодар қаласына  1948 жылдары көшіп келді. «Октябрь» зауытында «Коммунистік еңбегі үшін» қозғалысының бастаушысы болды. 1958 жылы қайтыс болды.

Фисенко Вера Кузьминична - 1908 жылы туған. Еңбек жолын Павлодардағы кеме жөндеу зауытында баржалар мен кемелерді бояу маманы болып бастады. Ленин орденімен марапатталды. 1992 жылы қайтыс болды.

Фрезе Яков  Яковлевич  - 1916 жылы туған. ҰОС қатысушысы, жоғары дәрежелі дәрігер. Павлодардағы еңбек жолын облыстық емханасындағы лор бөлімнің меңгерушісі ретінде бастады. Отан  соғысының ІІ дәрежелі Орденімен марапатталды. 1993 жылы қайтыс болды.

Чмых  Николай  Иванович - 07.06.1947 жылы туған. 1971 жылы Павлодар индустриалды институтының инженер - құрылысшы факультетін тәмамдады. Еңбек жолын 1965 жылы физика және математика пәнінің мұғалімі ретінде бастады. 27 жыл бойы «Павлодарпромстрой» трестінде жұмыс істеді. 1998 – 2003 жылдары Павлодар қаласының әкімі болып еңбек етті. «Құрмет» Орденімен, 2-ші дәрежелі князь Даниил Московский орденімен және Дүниежүзілік қорының алтын медалімен марапатталды.

Шабрат Николай Петрович  1940 жылы 25 ақпанда туған. Қазақстанның атақты құрылысшысы, Қазақ ССР өнеркәсіп саласының еңбек сіңірген жұмысшысы. 1980 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Павлодар картон-рубероид зауыты» жабық акционерлік қоғамының президенті.

Шамкенов Аманжол Шамкенұлы - 20.07. 1927 жылы туған.  Ақын, драматург, Д.Неру халықаралық премиясының  лауреаты. Ақын жолын Лебяжі ауданының газетінде бастаған. С.М. Киров атындағы қазақ мемлекеттік институтын бітірген. 48 кітаптың авторы болып табылады. 2004 жылы қайтыс болды.

Шиншиков Вадим Михайлович 1938 жылы 24 шілдеде туған. Еңбек жолын Павлодар қаласындағы автобус паркінде жүргізуші болып бастады.  Арнайы көлік автобазасын басқарды. Қоммуналдық шаруашылық саласының еңбек ардагері. 2013 жылы қайтыс болды.

Шаймарданов Біләл Есханұлы – 1933 жылы туған. ҚСРО ағарту ісінің үздігі, еңбек ардагері, «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері, Крупской атындағы сыйлығының Лауреаты. «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» медалімен, «Еңбек ардагері» медалімен, «Әдіскер – мұғалім» медалімен марапатталған.

Шәріпов Қайыркен  Әужанұлы, 1983 жылы 17 тамызда туған. 1963 жылы Н. Крупская атындағы Семей мемлекетітк педагогикалық институын бітірген.Педагогикалық қызметін Павлодар қ. Абай атындағы № 10 орта мектебінен бастады. Қ. Ә. Шәріпов мектептерде, арнайы орта мекемелерде, ЖОО-да, «Химпром» АҚ  50 жылға жуық қызмет еткен. 2001 жылдан 2011 жылға дейін – қаланың әртүрлі кәсіпорындарында, ұйымдарында қазақ тілінің оқытушысы. Халықаралық «Қазақ тілі»  қоғамы басқармасының мүшесі және «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының штаттан тыс инспекторы болып табылады.

Шаяхметов Әділ Шаяхметұлы – 1956 жылы туған. ҚР ҰҚК құрметті қызметкері, ҚР ҰҚК Академиясының бастығы. «Генерал – лейтенант» әскери атағын алған, 2-ші дәрежелі «Даңқ» орденімен, 28 медальмен (мерейтойлық және еңбек сіңірген жылдары үшін), 17 төс белгісімен марапатталған. 

 

 

Оқылды 3456 рет