ведутся работы Адамдар : қала туралы
Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Адамдар : қала туралы (4)

Облыс жөнінде

Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтар айында құрылған. Облыс орталығы –Қазақстанның ең әдемі қалаларының бірі - Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан. 

Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста – Новосібір облыстарымен, шығыста – Алтай өлкесімен, оңтүстікте – Қазақстан Республикасының Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батыста – Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр.

Облыстың тиімді орналасуы оған басқа мемлекеттермен және Қазақстан облыстарымен Онтүстік-Сібір және Ортасібір теміржол магистральдері бойынша автомобильдік, авиациялық, электрондық, құбырлық және өзендік көлік түрлерімен қатынас жасауға мүмкіндік береді.

Ертістің Павлодар өңірінде бәрі де бар: ұшы-қиырсыз дарқан даласы, қайың тоғайлары, қарағайлы ормандары, таулары, көптеген көлдері. Облысты ежелгі Ертіс қақ бөледі деп айтуға болады. Оның жайылмасы да бірегей және өте бай.

Облыстың аса ірі бөлігін қазақтар ежелден Сарыарқам – Алтын далам деп атап кеткен тегіс дала алып жатыр. Онда, расында да, орасан зор байлықтар бар.

Облыс аумағында Ертістің Павлодар өңірінің інжу-маржаны, Қазақстан Республикасының әсем жерлерінің бірі – Баянауыл бар. Шексіз даланың ортасындағы табиғаттың осы бір бірегей туындысының сұлулығы тамсанатындай. Таулары, қарағайлы ормандары, жануарлар әлемі, Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл көлдері ұмытылмас әсер береді. Мұнда Қазақстан мен Ресейдің жан-жағынан келетін мыңдаған туристердің аса ірі демалыс аймағы бар.

Павлодар облысының климаты шұғыл континенттік, оған ұзаққа созылатын қыс (5,5 ай) мен ыстық және қысқа жаз (3 ай) тән болып келеді.

Павлодар облысы – Қазақстанның басты индустриалдық өңірлерінің бірі. Мұнда дәстүрлі күрделі өндірістер мен минералдық және көмірсутекті шикізатты игерумен айналысатын кәсіпорындардың оңтайлы үйлесімділігі бар ТМД-нің экономикалық кеңістігіндегі аса ірі аумақтық-өндірістік кешен тарихи қалыптасқан.

Облыстың орасан зор табиғи-ресурстық әлеуеті, дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымының бар болуы, жоғары ғылыми-техникалық әлеуеті, оның Орталық Азия мен Сібір арасындағы байланыстырушы рөлі түрлі елдер мен континенттердің өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің мұқият назарын аударуда.

Сонымен қатар, экономикалық деңгейдің осы көрсеткіштеріне өңірдің өзге де тартымды сипаттарын: дамыған банк саласын, шағын және орта бизнестің серпінді дамуын, біліктілігі жоғары мамандардың болуын, қазіргі заманғы көліктік-коммуникациялық инфрақұрылымды, шетелдік инвесторлардың, мемлекеттік даму бағдарламаларының бар болуын да қосуға болады

Павлодар облысының аумағында көп салалы индустриалдық кешен қалыптасты. Өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті ірі экспортқа бағдарланған өнеркәсіптік компаниялармен айқындалады. Олар көмірді, электр және жылу энергиясын, алюминий тотығын, ферроқорытпаларды өндіреді. Облыс үлесіне республиканың өнеркәсіптік өндірісінің 7%-ы, республикалық көмір өндірісінің 70%-ы, ферроқорытпалар өндірісінің 3/4, электр энергиясы мен мұнай өнімдері өндірісінің 40%-ы тиесілі. Облыстың әлеуеті химия, машинажасау және металл өңдеу салалары кәсіпорындарының дамуына жеткілікті.

Облыста түрлі меншік нысанындағы 5 мыңға жуық кәсіпорын белсенді қызмет етеді. Бұдан басқа, өңірде ауылшаруашылық өнімдерінің шикізат базасы мен оларды өңдеуге арналған өндірістік қуаттылықтар бар. Қазақстанның энергетикалық жүрегі – аса ірі Екібастұз электр станциялары, Ақсу ГРЭС, сондай-ақ Павлодар өнеркәсіп кешенінің энергияны қажетсінетін кәсіпорындарына қызмет ететін бірқатар ірі жылу станциялары болып табылады. Осы электр станцияларының даусыз артықшылығы көмір көздеріне және электр мен жылу энергиясын тұтынушыларға жақын орналасқандығы болып табылады.

Облыста ауыл шаруашылығына да көп мән беріледі. Өңірдің ауылшаруашылық алқаптарының ауданы 11,2 млн. га құрайды. Облыста негізгі өндірілетін дақыл – бидай болып табылады, ол егіс алқаптарының жартысынан көбінде егіледі. Егіс алқаптарының 15-17%-ға жуығы басқа дәнді дақылдарға тиесілі. Бұдан басқа, облыста картоп, көкөніс және бақша дақылдары өсіріледі.

Облыста қалыптасқан өнеркәсіп әлеуеті көлік коммуникациялары мен көліктік-экономикалық байланыстарды кеңейту қажеттілігін туғызды. Облыста күрделі көліктік-коммуникациялық торап бар: мұнда Қазақстан ішіндегі оңтүстікке қарай өтетін ең ірі мұнай құбыры басталады (Шымкент қаласына), Қазақстан мен Ресейдің түрлі өңірлеріне тартылған электр қуатын алысқа тарату желілері, Ертіс-Қарағанды-Жезқазған арнасы, Ресейге, елдің орталығы мен оңтүстігіне өтетін темір жолдар өтеді.

 

Павлодар қаласының паспорты

Павлодар қаласының тарихы 1720 жылдан бастау алады. Осы уақытта Ертіс өзенінде Коряков форпосты пайда болады, бұл атауға ие болу себебі Коряков өзенінде табылған тұзға байланысты. 1838 жылы ол Коряков елдімекеніне айналады, ал 1861 жылдың сәуір айында Коряковка «Павлодар атты штаттан тыс қала» деген мәртебеге ие болады.

Павлодар қаласының елтаңбасы 1969 жылы ресми бекітілген. Елтаңбаның екі жағы 1: 1,22 сәйкестенген төменгі жаққа қарай ұшталған тік бұрышты тәріздес қалқан болып табылады. Көкшіл бояулентасы жағалауында қала орналасқан Ертіс өзенінің белгісі болып табылады және оныменен қаланың пайда болу тарихы мен дамуы тығыз байланысты. Қалқанның жоғары бөлігіндегі қызыл жолағында жаңа қаланың дамуын, өркендеуін бейнелейтін қанаттар орналасқан. Қанаттар қола тегершік үстіне жобаланған. Композицияның негізгі мазмұны: судың үстінен таңшолпан аясында ұшатын құстың және өнеркәсіп негізіндегі қала дамуының баламасы. Бұны «қанатты металл» - алюминийді белгілейтін қанаттардың түсінен де байқауға болады.

Павлодар қаласының елтаңбасы жалпықалалық іс-шараларды өткізу, полиграфиялық өнімдерді дайындау (кітаптар, журналдар, буклеттер, күнтізбелер, стикерлер, кітапшалар және т.б.) барысында, қаланың әлеуметтік сыртқы жарнамалар объектілерінде кеңінен қолданылады.

Бұдан басқа, Павлодар қаласының елтаңбасы «Павлодар қаласының Құрметті азаматы» төс белгісінде, Павлодар қаласы әкімінің және Павлодар қалалық мәслихаты хатшысының Құрмет грамоталары бланкілерінде белгіленген. 200 жылдан астам кезең ішіндегі қала тарихында көптеген өзгерістер болып өтті. Қазіргі заманға сай, жасыл әрі әсем, ол Қазақстанның ең әдемі қалаларының біріне айналды. Бүгін Павлодар қаласы - Ертіс өзені жағасы жазығында, Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан облыстағы ең үлкен қала болып саналады. Қаланың құрамына Ленин кенті, Мойылды, Павлодар ауылдары, Кенжекөл ауылдық округі сияқты елді мекендері кіреді. Қаланың аумағы 637,8 мың ш.км. құрайды.

Қалалық әкімдік пен қалалық мәслихат жергілікті басқару органдары болып табылады. Қаланың қалалық және ауылдық мекендерінде 328,1 мыңнан аса адам тұрады. Ұлттық құрамы бойынша: қазақтар - 36,7 %, орыстар - 47,2 %, өзге ұлттар - 16,1 %.

Теміржол мен автомагистральдар тоғысқан қиылыста орналасқан Павлодар қаласы облыстың барлық елді мекендерімен, Қазақстанның облыстық орталықтарымен, таяу және алыс шетел (Ресей Федерациясы, ҚХР, Германия) елдерінің қалаларымен транзиттік мүмкіндікке ие. Қала әуежайынан республика бойынша, сондай-ақ, Ресейге, Германияға, Түркияға, Қытай мен Араб Эмираттарына үздіксіз әуе рейстері ұшып тұрады.

Қуатты өнеркәсіптік, экономикасы мен мәдениеті дамыған орталық болып табылатын Павлодар өзінің әлеуеті бойынша республикада жетекші орындардың бірін иеленеді. Павлодарда экспортты бағыты бар болат пен бүтін құбырларды жасап шығаратын металлургиялық кәсіпорындар, сондай-ақ, мұнай өңдеу, электрлік, электрондық және оптикалық жабдықтарды жасап шығаратын, қайта өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары жұмыс істейді.

Павлодар қаласы өзінің атақты спортшы жерлестерін мақтан етеді. Олардың ішінде Нагана қаласында өткен XVIII қысқы Олимпиадасының қола жүлдесінің иегері - Людмила Прокашева; келешегі алда, жас шаңғышылар, Қазақстанның бірнеше мәрте чемпиондары, Турин қаласында (Италия) өткен XX қысқы Олимпиада ойындарының қатысушылары, Республика құрамасының мүшелері - Головко Андрей және Кривушкин Денис; Қазақстан Республикасының жеңіл атлетикадан құрама командасының мүшесі, Қазақстан Республикасының және Азиат (Тайланд) ойындарының чемпионы - Валиев Роман; дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионы, «А» тобындағы Әлем Кубогының қола жүлдегері – Әлмұқашев Саят және т.б. Павлодар қаласының спорттағы мақтанышы, Қазақстанның бес мәрте чемпионы, республиканың премьер-лигасында ойнайтын – «Ертіс» футбол командасы.

Театрлар, мұражайлар, кітапханалар, мәдени-демалыс мекемелері павлодарлықтар үшін мәдени қызмет көрсету орталықтары болып табылады. Қалада Ж. Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалық - драма театры және А. П. Чехов атындағы облыстық драма театрлары, 5 мұражай - Г. Н. Потанин атындағы облыстық өлкетану мұражайы, облыстық көркем - сурет мұражайы, Бұқар Жырау атындағы әдебиет пен өнер облыстық мұражайы, П. Васильев атындағы мұражай үйі, Шафер Үйі бар. Достық үйі ашылды. Қала мәдениетін дамытуға Қалалық мәдениет сарайы, «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығы, «Космос» Жастар үйі және басқа мәдениет ошақтары үлкен үлес қосуда. Павлодарда 24 кітапхана және 3 кинотеатр жұмыс істейді.

Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясының 20 ұлттық мәдени орталықтары өз қызметін атқаруда. 300 –ден аса ҮЕҰ белсенді жұмыс істеуде. Қызмет етіп отырған ҮЕҰ санының өсуі әлеуметтік серіктестікті қолдауға бағытталған мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың қалыптасқан өзара қызмет ету жүйесі арқылы іске асуда. Бұдан басқа, қалада балаларды мәдениет, спорт және қоғамдық пайдалы еңбек іс-шараларына тартатын 3 балалар-жастар орталықтары бар. Орталықтарда күн сайын аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан 200 бала мен жасөспірім ақысыз білім алады.

Қаланың қазіргі заманғы келбетін дәстүрлі сәулет стилінің элементтері үйлесімді толықтырады, атап айтқанда, соңғы жылдары салынған Мәшһүр Жүсіп атындағы Орталық мешіт пен Благовещенск кафедралық соборы. Бұл зәулім ғимараттар қала тұрғындары үшін діни орталықтар ғана емес, сымбатты сәулет құрылыстары ретінде де қабылданады.

Қаланың, әсіресе қала тұрғындарының демалыс орындарын көгалдандыру мәселесіне үлкен назар аударылады. Қала аумағында 32 тынымбақ, 5 бульвар және Ертіс өзенінің көріктендірілген Орталық жағажайы бар. Студенттер мен оқушылардан құралған «Жасыл ел» еңбек отрядтары қаланы көгалдандыру іс-шараларына белсенді араласады.

Республикамыздың тәуелсіздігі еліміздің бар тіршілік-тынысымен, соның ішінде менің өміріммен де тығыз байланысты. Мен өндірісте 50 жылдан астам қызмет еттім, егер еліміз тәуелсіздігін алмаған жағдайда бастық болып, басқа ұлттар туралы ештеңе білмес едім. 1990 жылдан бастап татар-башқұрт орталығының жұмысымен белсенді айналысып келемін, ал 1993 жылдан бастап оның төрағасымын. Қазақстан халқы ассамблеясында еңбек ету барысында біз барлық этномәдени орталықтар өкілдерінің мәдениетімен, салт-дәстүрімен таныстық. Осы жылдар бойы рухани байлығымыз артты. Біз барлығымыз – Қазақстанның біртұтас халқымыз, сондықтан ата-бабаларымыздың мұрасын сақтауға тырысамыз. Қазіргі таңда Қазақстанда тұратын түрлі ұлттардың өкілдерінің тарихи отанымен байланысты қолдау мүмкіндігі бар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауының арқасында Қазақстан халқы ассамблеясы белсенді қызмет атқаруда. Еліміздің Тәуелсіздігі халықты біріктіріп, қазақ жерінде барлық ұлт өкілдерінің басын қосты. Сондықтан өз елін, өз тарихын және өз…
Мен осында 32 жасымда бас инженер болып келгеннен бастап, Павлодар менің туған қалама айналып кетті. Бұл қала өнеркәсіптің қуатты институты. Біздің Орталық жағажайға жететін демалыс орыны жоқ шығар. Себебі, мен Омбы қаласында, Шығыс Қазақстан облысында болдым, бірақ дәл бізідің жағажай ешқандай жерде жоқ. Павлодар – ұл менің кемелдік, қарттық шағымның қаласы. Мен бұл қалаға 40 жыл қызмет жасадым. Соңғы бірнеше жылда Павлодар қаласы сәулетшілердің арқасында танымастай өзгерді, тұрғындар оның жаңа сәулетті құрылысына таңқалудан жалыққан емес. Мәселен, биыл қаламыздың орталық көшелерінің бірінде коллонада бой көтерді. Енді ол тұрғындардың демалыс орнына айналды. Қазіргі кезде ол жерде көптеген қызықты мәдени іс-шаралар өткізіледі. Қаламыздың керемет орындарын атап айтудың қажеті жоқ шығар, оны өздерің де білесіндер. Атап айтайын дегенім, әуежайдан Кутузов көшесі бойындағы көрікті жерлерді…
Менің Павлодарым - бұл менің күнде таңертең жұмысқа келе жатқанда өтетін жерім - жағажай, оның жыл сайын көркейіп жатқанын көру мен үшін бақыт. Бұл менің балаларым, енді немерелерімді апарып қыдыртатын жерім - қалалық саябақ мен Ленин паркі. Менің үйімнің жанында орналасқан Құс өтілі. Менің жаныма жақын жаңа және ескі қаланың және тағы да басқа жерлері. Бұл павлодарлықтар - қаланың негізін салушы және қазіргі кезде оны көркейтіп, өркендетіп жатқандар. Мен үшін және менің пікіріме қосылушылар үшін Павлодар - бұл жер бетіндегі ең қымбат қаланың бірі.
Мен 1965 жылдан бері партия және кеңестік органдарда қызмет етіп келемін. Осы 20 жыл бойы қаламызда ірі негізгі кәсіпорындар бой көтерді. Айталық, трактор, мұнай өндіру, химия зауыттары, әлеуметтік және мәдени-спорттық маңызы бар нысандар. Еңбек жолының алғашқы күнінен бастап-ақ менің өмірім бұл қаламен байланысты. Біз павлодарлықтар қаламыздың негізін қалаушылармыз. Сондықтан мен өз қаламды сүйемін, әрқашан оның көркеюіне өз үлесімді қосуға дайынмын. Мен үшінПавлодар –бұл жоғары өнеркәсіптік әлеуетті қала. Соңғы 20 жылда, яғни, Тәуелсіздігімізді алғаннан бері Павлодар тіпті көркейді. Ол өнеркәсіптің орталық қаласына айналды. Павлодарқаласының болашағы зор екеніне мен кәміл сенемін.