ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-08-16 16:28:14 Қоғамдық тыңдаулар
СУВОРОВ КӨШЕСІН МАЛАЙСАРЫ БАТЫР КӨШЕСІНЕ ҚАЙТА АТАУ ЖӘНЕ ТОРАЙҒЫРОВ ПЕН АЙМАНОВ КӨШЕЛЕРІНІҢ ҚИЫЛЫСЫНАН БАСТАУ АЛАТЫН, ОМБЫ ТАС ЖОЛЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ АТАУСЫЗ КӨШЕГЕ БАЯН БАТЫР АТАУЫН БЕРУ МӘСЕЛЕСІ ЖӨНІНДЕ ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫН САҚТАУ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫНДАҒЫ КӨПШІЛІК ТЫНДАУЛАР ХАТТАМАСЫ

 2018 жылғы 13 тамыз

 «Колос» БМСО МҚКК,

Астана көш., 156

 

Көпшілік тындаулар Павлодар қаласы және Павлодар облысының шағын әскери және Ауғаныстан соғысының мүгедектері мен ардагерлері қоғамдастық қорынан, «Павлодар облысы әскери-патриоттық тәрбиелеу қауымдастығы» қоғамдық бірлестіктен келіп түскен ұсыныстарды қарастыру бойынша азаматтардың құқықтары мен заңдылықтарын сақтау, қала құрылысы және экология жөніндегі мәслихатының тұрақты комиссияларымен ұйымдастырылды.

Павлодар қаласының тұрғындарына көпшілік тындауларды өткізу туралы ақпарат Павлодар қаласы әкімдігінің сайтында, қалалық мәслихаттың сайтында және 2018 жылғы 14 шілдедегі «Сарыарка Самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жариялану арқылы жеткізілді.

Көпшілік тындаулардың төрағасы – Сандуғаш Қайыргелдіқызы Қалижанова - № 14 сайланған округінен Павлодар қалалық мәслихатының депутаты, азаматтардың құқықтары мен заңдылықтарын сақтау жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы.

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының көпшілік тындауларына Қоғамдық кеңестің мүшелері, Құрметті азаматтар, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қала тұрғындары, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Дауыс беруге азаматтардың құқықтары мен заңдылықтарын сақтау, қала құрылысы және экология жөніндегі тұрақты комиссиялардың мүшелері болып табылатын, қалалық мәслихат депутаттары қатысты.

Көпшілік тындауларға 157 қатысушы қатысты және тіркелді.

Күн тәртібі

Суворов көшесін Малайсары батыр көшесіне қайта атау және Торайғыров пен Айманов көшелерінің қиылысынан бастау алатын, Омбы тас жолы бағытындағы атаусыз көшеге Баян батыр атауын беру.

Көпшілік тындау отырысының төрағасы – Сандуғаш Қайыргелдіқызы Қалижанова күн тәртібімен және жұмыс регламентімен таныстырды. Сонымен қатар көпшілік тындауларды өткізу қарсаңында қоғамдық ұйымнан Володарский көшесін Олжабай көшесіне қайта атау туралы мәселесін қайтарып алу туралы өтініш келіп түскенін, осыған байланысты осы мәселе тындаушылардың  күн тәртібінен шешілгенін хабарлады. 

Көпшілік тындаулар қатысушыларының сөздері тындалды.

Сөз сөйлеген: Саян Назымұлы Мұқанов – Павлодар қаласы әкімінің орынбасары;

Сәуле Насенқызы Мамытова – профессор, тарихи ғылым докторы, Торайғыров ат. ПМУ-нің Қазақстан халық Қауымдастығының бөлім меңгерушісі;

Гүлбарам Әуезханқызы Науразбаева – Павлодар облысы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы;

Сергей Александрович Горбунов – Павлодар қаласы Құрметті азаматы, журналистика ардагері;

Төлеген Жамитұлы Кокумбаев – «Павлодар қаласы және Павлодар облысының шағын әскери және Ауғаныстан соғысының мүгедектері мен ардагерлер» Қоғамдық қорының төраға орынбасары;

Илья Сергеевич Теренченко – «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының бірінші орынбасары, Павлодар қаласы № 20 сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаты.

Пікірталаста 5 адам сөз сөйледі – Павлодар қаласының тұрғындары: облыстың қоғамдық қызметкері Ж.Ж. Қамзин, ҮЕҰ басшысы З.Д. Багненко, № 36 ЖОББМ мұғалімі Н.А. Липин, № 7 ЖОББМ директоры Х.В. Бекбосынова, зейнеткер Валентина Викторовна Первутинская.

Саян Назымұлы Мұқанов:

Құрметті комиссия төрағасы, құрметті көпшілік тындаудың қатысушылары!

2017 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес біз Павлодар қаласында ономастикалық жұмыстарды жалғастырудамыз. Ұжымдық өтініштерді қарастыру үшін барлық қажетті құжаттар қалалық мәслихатқа, дәлірек айтқанда, Суворов көшесін Малайсары көшесіне қайта атау бойынша, қаланың Солтүстік бағытындағы атаусыз көшені Баян батырға қайта атау, ол батырдың ескерткішінен басталып көпір – жол айырығына дейін созылатын, бұл көшеге Айманов көшесінің 5 үйі, Торайғыров көшесінің екі үйі, Мира көшесінің екі үйі, сонымен бірге, осы көше құрамына Омск тас жолы бағытына жақын Лесозавод және Радиозавод аудандарындағы ғимараттар мен үйлер кіретін атаусыз көшені қайта атау бойынша бір топ қала тұрғындарының өтініштері жолданды.  Қоғамның ұсыныстарын біз жөнділік деп санаймыз, өйткені көшелерді қайта атау басқыншылардан Отанын қорғауға өз өмірлерін берген даңқты батырлардың есімдерін халықтың есінде қайта жаңғыртуға мүмкіндік береді. Біз, облыстық орталықта ескерген тарихи атауларды қайта атау уақыт талабы деп есептейміз. Сонымен бірге, ол қала тұрғындарының әр түрлі ұлт, ұлыстарына қазақ халқының тарихи қайраткерлерін тануға және қоғамда өзара келісімді ңығайтуға мүмкіндік береді. Құрметті комиссия мүшелері! Құрметті депутаттар! Аталған екі көшенің атауын, қайта атау туралы ұсынысқа қолдау берулеріңізді сұраймыз.

Мамытова Сауле Насеновна:

Құрметті жиналған қауым! Малайсары, Баян батыр ел жүректі халқымыздың ерлеріміз. Еліміз үшін еске мәңгілік сақтау және олардың есімдерін көшелерге беруді мен толық қолдаймын және баршанызды осыған шақырамын.

Ғалым-тарихшы болып, мен атақты Малайсары мен Баян батыр тұлғалары туралы көп айта аламын. Бірақ бүгінгі ақиқатқа байланысты мен олардың тарихи ерлік сәттеріне тоқтағым келеді. Ең алдымен көңіл бөлгім келгені, дәстүрлі қазақ қоғамында батыр атауын мұрагерлік ретінде қалдырған жоқ, тек жеке ерліктері үшін ғана берілген болатын. Бұл батырлар 18 ғасырда Қазақ хандығының тарихында ең қиын сәттерде, бәріне белгілі болғандай ол қиын сәт, жан-жақтан басқыншыл көршілер қазақ жерін жаулап алуға, қыруға тырмысқанда, әсіресе жоңғарлар – бұл Ақтабан шұбырынды ұлы апат жылдары болған сәтте осындай жоғары дәрежені қалай алды? Малайсары батыр мен Баян батыр – бұл атақты қолбасшылар болды, олар көшпелі жағдайда шайқастың  шеберін меңгерді, сондықтан да жат жердің басқыншыларын талқандады. Олар тек қана оларды тоқтатқан жоқ, сонымен қатар қазақ жерін босатып, қазақ мемлекетінің шекарасын сақтап қалды. Белгілі болғандай Малайсары мен Баян батыр жоңғарларға қарсы ұлы шайқаста қатысты. Әсіресе, 1728 жылғы Бұланты шайқасы белгілі, Қара сиыр аймағында, Ұлытау етегіндегі жоңғарлардың бірінші ірі талқандалуы болды. Осыдан басқа, олардың басты еңбегі – олар қазақтың байырғы жерлерін Түркістан, Жетісу, Сарыарқаны босатқанын, сонымен қатар сіздер білетіндей, Қызылтауда, қазіргі Май ауданында, Қалмақырған аймағында ірі шайқаста қатысқанын білесіздер. Олар өз заманында батырлар болды, өмірлерін аяған жоқ. Оларды Отанда да, қазақ жүздерінің басында тұрған Абылайхан да жоғары бағалаған болатын. Қазақ батырларынан кімді көп құрметтегенін сұраған кезде, ол осы екі есімді – Малайсары мен Баян батырды атаған болатын, оларды батырлықпен, ақылмен және ерлікпен ие болған деп есептеген. Біздің белгілі жерлес, ұлы данышпан Мәшһүр Жүсіп Көпеев айтқандай, әрбір үйде көп батыр бар, алайда жорыққа жиналу кезінде және жаумен шайқасуда Баян батырға тең адам болмаған. Жекпе-жекте – бұл жеке күрес, жоңғар жауынгерімен Баян батырдың аты белгілі болды.  Олар тек қана шайқаста ғана белгілі болған жоқ, сонымен қатар шебер дипломаттар болды, оларды ара-ағайын – билікшілер деп атаған, ынтымақтас көршілермен бейбітшіл саясат жүргізген. Қазір оларды медиаторлар деп атайды. Қалдан Серен жауынан Малайсары тархан атағын алды. Бұл өте сирек берілетін атақ, әрбір адамға берілмейді, осындай атаққа бірең-сараң адамдар ғана ие болған, даналығы үшін, бейбітшілігі үшін. Олар ерекше құқыққа ие болды, осылайша аса маңызды бірігу саясаттарын өткізді. Ол үшін ерекше сапаларға ие болу қажет еді. Ең басты сапа – бұл ұлттық бірліктің қажеттілігін сезіну болды. Бұл ұлы адамдар, тарихи тұлғалар ерлік күресте бірлескен жігермен ғана төтеп беруге және өркендеуге болады деп есептеген. Сондықтан бұл адамдар – Малайсары, Баян батыр мәңгілік есте сақтауға және олардың құрметіне көшелерді атауға лайықты – бұл олардың аңызға айналған әрекеттеріне аса құрмет болуы деп есептеймін.  Осының арқасында, біздің жастар нағыз патриот рухында тәрбиеленуге мүмкіндік алады, мұрагерлік ұрпақтың сақталады деп есептады деп есептеймін. Біздің қазақтың жерінде әрқашан бірлік, келісім және достық болады.

Науразбаева Гульбарам Ауэзхановна:

Армысыздар, құрметті жерлестер! Бүгін бір тарихи сәттің куәсі болып отырмыз. Шын мәнінде де осы қазақ елін, қазақ жерін білектің күшімен, найзаның ұшымен, осы өскелең ұрпаққа сақтап қалған біздің бабаларымыздың, батырларымыздың есімін өскелең ұрпаққа сақтау үшін, біздің азаматтық парызымыз деп ойлаймын. Сондықтан бүгінгі сәт ол тағы да осы біздің тарихымыз бай, соған қайтадан үңіліп осы болашаққа бағдар беруге қажет қадам деп ойлаймын.

Әлбетте, қоғамдық ұйымның бастамашылығы – біздің қолдауымызға лайықты, өйткені, бүгінгі танда бізге қанша қажет болғанымен, соншалықты болашақ ұрпаққа қажет. Мен білім беру саласында жұмыс істеймін және де менің жұмысым өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеумен байланысты болып келеді. Малайсары, Баян батыр сияқты бізге мұндай бай мұра қалдырған  атақты батырлардың және басқа да адамдардың  есімдері – біздің өсіп келе жатқан ұрпақтар үшін тәрбиелеуге лайықты болып табылады. Біздің алдымыздағы міндетіміз – ең алдымен біздің жастарымыз өз ата-бабаларын білгендей, дәстүрлерін құрметтеп және біздің рухани құндылықтарымызды түсіне өскендей болу қажет. Суворов көшесін Малайсары көшесіне қайта атау – ең алдымен осы мақсаттар үшін қажет деп санаймын. Әрбіріміз бұл тарихи сәттерге түсініспеушілікпен, терең құрметпен қарауымыз қажет. Ол біздің елімізге, біздің құныдылықтарымыздың рухын түсініп ары қарай қозғалу үшін қажет. Біздің балаларымыз үшін, біздің ұрпақтарымыз үшін қажет. Бізге ғалым, ғылым докторы ұсынған тарихи анықтамаға менің қосарым жоқ. Олар шын мәнінде біздің еліміздің танымал есімдері, ол адамдар тек қана батыр емес, олар халық дипломаттарының өкілдері болды, тек қана қару арқылы ғана емес, сонымен қатар біздің жерімізде бейбітшілік пен келісім орнату үшін өздерінің адамгершілік сапаларын танытты, оларды біз сақтауымыз қажет. Назарларыңызға рақмет.

Горбунов Сергей Александрович:

Мен ғалым сияқты айта алмаймын, мен жай сөздермен айтайын. Мен Павлодарда дүниеге келдім, мұнда шамамен 70 жыл тұрамын. Мен әрқашан әділдік, шындық жағындамын. Қараңыздаршы, Кеңес одағы болды, сол кезде барлық көшелер біздің мемлекетіміздің, атақты адамдардың есімдерімен аталды. Бірақ та қандай да бір ауысулар болды. Біздің туған Павлодарымызды алсақ – қандай көшелер болды? Абай, Амангелді, И. Байзақов, Жамбыл және тағы да бірнеше көшелер, сонда да барлығы әділетсіз. Сосын Қазақстан Тәуелсіз болды, бұнын барлығы жөнделе бастады, ғалымдардың, біздің әскерлеріміздің есімдерімен аталды. Оның бәрін мен дұрыс деп санаймын, өмір орнында тұрған жоқ, ол жылжып барады. Қазір Қазақстанда тарихты, қазіргіні, болашақты қайта ойлау болып жатыр. Көшелерді батырлардың есімімен атау, бұл ұлтшылдық емес. Бізде Ломов көшесі бар, құрметті адам, Александр Васильевич – жарты қаланы құрды, ол бір, Гагарин көшесі – қазақстандық жерден ұшты, Всеволод Иванов, Павел Васильев көшесі бар, Геринга көшесі бар. Сондықтан да барлық ұлттар бар. Кім лайықты, кім біздің еліміздің тұруына күш салысқан, оларды қолдайды, солай болу қажет. Міне, Ресей, біздің ресейліктер, менің жерлестерім – олар Иван Сусанин, Минин және Пожарский, Дмитрий Донскийді және басқа да ұлы адамдарды белгілеуді жөн деп санайды. Ал неліктен қазақ ұлты өз батырларымен көше атауларын атай алмайды? Мені қолдайды деп ойлаймын.

Қоқумбаев Төлеген Жамитұлы:

Құрметті қауым, құрметті жиынға қатысушылар! Біз Ауғаныстан соғысының ардагерлері, қазақтың ата-бабаларымызды өте сыйлап жатырмыз, оған орай, міне қарасаңыз ата-бабаларымыз Бөгенбай батыр, Абылайхан қолдауымен, ішінде Батыр баян бар, Олжабай батыр, Малайсары батыр алақанымызда қандай кең байтақ жерімізді әкеліп, сыйлыққа берді. Сондықтан бүгін бұдан шығатын қорытынды біреу болуға тиісті, Павлодар қаласының ірігушілерінің бірі болып саналатын Суворов көшесін Малайсары атына беруге ұсынамыз және де атауы жоқ көшені Баян батырға атауын ұсынамыз.

Мен, Қоқумбаев Төлеген Жамитұлы «Павлодар қаласы және Павлодар облысының шағын әскери және Ауғаныстан соғысының мүгедектері мен ардагерлер» Қоғамдық қорының төраға орынбасары болып табыламын. Біз Ауғаныстандықтар, Суворов көшесін Малайсары батыр көшесіне, біздің қаламыздың Солтүстік бағытындағы атаусыз көшені Баян батыр көшесіне атау туралы ұсыныспен шықтық. Малайсары батыр – бұл шебер дипломат, жоңғар шапқыншылығына қарсы, тәуелсіз қазақ халқының нағыз балуанының бірі. Жоңғарлардың шапқыншылығы кезінде сіздер білетіңіздей, біз өзіміздің тәуелсіздігімізден айырыла жаздадық. Малайсары қазіргі Павлодар облысы Май ауданында дүниеге келді, ол біздің жерлесіміз болып табылады. Неліктен мұндай амалмен оның есімін құрметтемеуге? Өзінің серіктестері Абылай хан бастаған Бөгенбай, Қабанбай, Райымбек, Баян батыр, Наурызбай батыр, Олжабай батырларымен жоңғарлардан және басқа да шапқыншылардан қазақтарды қорғауға алған. Малайсары қазақ пен жоңғарлар арасындағы бейбітшілік шартты жасауда маңызды рөл атқарды. Біз, Ауғаныстан әскерлері, ұмытылған тарихты жаңғырту туралы, біздің батырлардың ерліктері туралы айтып отырмыз! Бүгін біз өзіміздің тарихымыз туралы еске алуға және өскелең ұрпақтың есіне салуға уақыт келді. Ессіз халық – бұл халық емес. Барлығыңызды осы ұсынысты қабылдауларыңызды сұраймын.

Теренченко Илья Сергеевич:

Құрметті әріптестер! Құрметті жерлестер! Бүгін мен Павлодар облысының партиялықтарының атынан, біздің аумағымыздың ақсақалдарының облыстық орталықтың көшелерін Малайсары батыр мен Баян батыр есімдеріне атау туралы өтінішті қолдау мақсатында шықтым. Біз қызықты да бірегей уақытта өмір сүріп жатырмыз, тарихи әділеттің қайта құруы, қазақ жерінің батырлары, оларды қорғаушылары туралы еске алу жаңғыру құндылығы болып барады. Дәл осы батырлар, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиелеуіндегі үлгісі болу, жастарда өз Отанына, өз жеріне деген махаббат пен патриот сезімдерін қалыптастыру қажет. Осыдан Рухани жаңғыру қалыптасады. Тарихқа үніліп қарасақ, біз батырлардың өз Отанын қалай қорғағанын, оның тәуелсіздігі, бостандығы үшін, сонымен қатар жоңғарлар, қалмақтар шапқыншыларынан соғысқанын, Абылай ханның елшілері болып шыққанын көре аламыз. Тарихшылар бүгінгі күнге дейін батырлардың соғысқан жерлерін, батырлықтарын, олардың жерленген жерлерін, олар жасаған ерліктеріне адамдар келіп иелетін аумақтық сакралдық орындарды зерттеп келеді. Май ауданында, Малайсары батыр Отанында әлі де қазақ әскерлерінің қалмақ әскерімен шайқасқан орындары – қалмақ қырылған жерлері зерттелмеген. Біздің Қазақстанның тұруына, оның шекаралары мен аумақтарын дайындауда батырлардың үлесін халық игілігі, оларды әрбір бала, әрбір азамат біздің батырларымыздың есімін мақтанышпен айтқандай қылып жасайық. Қоғамды осы бастаманы қолдауларыңызды сұраймын.

Қалижанова Сандуғаш Қайыргелдіқызы:

Енді біз пікірталасқа көшуімізге болады, қарастырылған мәселе бойынша ұсынысты білдірушілер өз ойларын айта алады, залда екі микрофон жұмыс істейді. Әрбір көпшілік тындауға қатысушылар бір сөз сөйлеуге құқығы бар. Барлық қатысушыларға регламентті сақтауларыңызды сұраймын.

Қамзин Жұмабек:

Құрметті қала тұрғындары! Құрметті жерлестер! Павлодарда, Қазақстанда бүгін жасалып жатқанның барлығы – бұл бұрынғы Кеңес одағындағы мемлекеттердің барлығында жасалып жатыр, бұл қазіргі жаңа мемлекеттер. Біз жиі Орта Азияда, Белорусияда, Украинада, Ресейде боламыз – сондықтан да таңғалуға керек емес. Алайда біздің қоғамда шыдамдылық, толеранттық, бір бірімізге деген құрмет бастапқылық болып табылады, 130-дан аса ұлттар тұрады. Бүгін Павлодарда толеранттық жайында не болып жатыр? Мен екі мысал келтіргім келеді. 25-жыл бұрын мен жас бола отырып, біз бауырымыздың, жерлесіміздің, батыр Павел Дубовыйдың атын көтердік. Жеңістің 70-жылдығында ғана, Невер қаласында алаңда Абылқайыр Баймульдинге  қола мүсінін орнаттық, бір жылдан кейін Новоржевте Кеңес одағының батыры атағына берілген, Павел Дубовыйға орнаттық. Ел жалған тарихшылардан қыбырланған кезде, панфилов ерлігі болмағанда, 28 панфилов болмады дегенде, біздің жерлес 20 жаста 28 әскермен командир, батальон орынбасары, офицер панфилов ерлігін қайталап, Псков жерінде мәңгілікке қалды. Ақтоғайда оның атымен көшелердің бірі аталған. Қашыр ауданына екі жауынгер, қазақтарды әкелді, бірақ та Калугадан телеграмма келген кезде, тағы бір жауынгер Петр Мельников табылған кезде, біз сонда бардық, оны қашыр жеріне әкелдік және де бүкіл Ресейден біз оның сүйегін кеңес туымен жауып, тек қазақстан шекарасының шлагбаумын өткеннен кейін ғана біз оны қазақстан туымен жаптық. Бұл біздің тарих, бұл біздің бауырларымыз, Потанин, Васильев, Ломов – бұл біздің тарих, қазақстан тарихы. Сондықтан сөзшеңдердің айтқаны, бұл лайықты. Иә, Дубовый мен үшін бауыр, Мельников мен үшін бауыр. Рақмет!

Бекбосынова Халида Васильевна:

Міне бүгін өте жақсы мәселе. Тарихи мәселе көтеріліп отыр, өйткені біз қазақ елінде тұрғандықтан, өз батырларымызды танып білуіміз керек. Малайсары батыр, Баян батырды біз қолдаймыз. Осындай мәселелерді білуіміз керек. Мұны ел білу керек, тарих білу керек және өсіп келе жатқан ұрпақ білу керек. Жақсы.

Валентина Викторовна:

Менің тікелей өтінішім шенеуніктерге, осы қайта атау аясында, бізде онкология, туберкулез, балалар ауру, барлық елмен ақша жинаудамыз, екінші Павлодар басуда, үйлер бұзылуда, ТҮКШ, электр жүйелер, осы барлық қаражатты осыған неге пайдаланбасқа, осы қаражатты мақсатты пайдалануға неге болмасқа. Неге? Неге мұнын барлығын жасамаймыз?

Багненко Зинаида Дмитриевна:

Көшелерді қайта атау бұл тарихи заңдылық деп санаймын. Біз қаласақта, айтпасақ та ол қажет. Әрбір адамда өз уақытында өз ерлері, батырлары болды. Сөз сөйлегендер бұның қандай заңдылығы, не үшін қажет екенін нақты түсіндіріп айтты. Қазақстанның танымал адмдарының есімдері, қайта аталған көшелерден алыс тұрсын, олар туралы балалар білсін, оларды поэмаларда және өлеңдерде айтсын, оны ұмытуға болмайды, тарихты ұмытуға болмайды. Тарихты ұмытуға болмайды. Мен әрине қарсы емеспін. Тарихи әділеттік болу қажет.

Липин Николай Александрович:

Халықтың батырларды ұмытпағанына қуаныштымын, мен алғашқы әскери дайындықты бастаған алдында, балаларды тарихпен таныстырдым, олардың батырларды білгеніндей, өйткені, ол патриоттық тәрбие болып табылады. Алайда мұнда адамдар айғайлап. Сіздер тұрған жердегі халықтың салтын, дәстүрін құрметтеулеріңіз қажет. Бұл біріншіден. Сіздер мұнда Ресеймен салыстырсақ лайықты зейнетпен отырсыздар. 90-шы жылдары Қазақстанның мүмкіндігі болған жоқ, себебі елдің қалыптасуы болды. Алайда, қазір біз жеткілікті өмір сүріп жатырмыз, ел өркендеуде. Балалар біздің батырларымыздың, біздің ұрпақтарымыздың өнегесінде үйрену үшін, көшелерді тек қана бұл ерлердің атымен ғана емес, басқа да адамдардың есімдерімен атау қажет.  

Қалижанова   Сандуғаш Қайыргелдіқызы:

Құрметті қатысушылар, барлық тындаушыларды тындадық. Пікірталасты  тоқтатуды  және   дауыс  беруді  сұраймын. Павлодар қалалық  мәслихатының  дауыс   беру  үрдісіне  көшеміз,  оған  заңдылық  пен  азаматтардың  құқықтарын сақтау, қала  құрылысы мен  экология жөніндегі тұрақты  комиссиялардың  мүшелері  болып  табылатын  депутаттар   ғана қатыса  алады.

Тұрғындардың пікірін ескере отырып, көпшілік тындаулардың қорытындысы бойынша азаматтардың құқықтары мен заңдылықтарын сақтау, қала құрылысы және экология жөніндегі қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының депутаттары Суворов көшесін Малайсары батыр көшесіне қайта атау және Торайғыров пен Айманов көшелерінің қиылысынан бастау алатын, Омбы тас жолы бағытындағы атаусыз көшеге Баян батыр атауын беру, сонымен қатар бұдан әрі қарастыру үшін облыстық ономастикалық комиссияға материалдары беру туралы қала қоғамдастығының ұсыныстарын мақұлдауға қоямын.

Қарсы емес?  (8 депутат).

Қарсы?  (Жоқ)

Қалыс  қалған?  (Жоқ).

 

Құрметті  көпшілік тыңдауға  қатысушылар! Дауыс  беруге жоғарыда  көрсетілген  тұрақты  комиссиялардың  мүшелері  болып  табылатын, Павлодар  қалалық мәслихатының 8 депутаты  қатысты, олардың ішінен дауыс берген        8 депутат  «қарсы емес»,  «қарсы» немесе «қалыс  қалған» жоқ.

Өткізілген   көпшілік  тыңдалым  хаттамасы 7  жұмыс  күні  ішінде   Павлодар  қаласы   әкімдігінің,  қалалық мәслихаттың  ресми сайттарында орналастырылатын  және  бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын  болады.  

Мәслихаттың және әкімдіктің бірлескен шешімі сессияда бекітілетін болады және материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасымен орнатылған тәртіпте ономастикалық комиссияда қарастыруына жіберіледі.

Құрметті  әріптестер, қатысушылар, көпшілік  тыңдалым  жабық  деп   жарияланады. Қатысқандарыңыз үшін рақмет.

 

             Төраға                                                          С. Қалижанова

 

Хаттама жүргізген А. Сырымова

Прочитано: 1146 раз