ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2018-08-20 14:55:45 Қала жаңалықтары
ПЕТРОПАВЛДЫҚ «СТРАЖ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛЫ ЖЫЛЫТУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫН ТАНЫСТЫРДЫ

Павлодар қаласының тұрғындары үшін қазақстандық өндірушінің инновациялық жылумен жабдықтау жабдығы қол жетімді болатын болды. Бу тамшыларымен жылыту құрылғысы - қатты отын, табиғи газ, жылу сорғылары және тіпті орталық жылыту жүйесінің баламасы. Аталмыш жылыту жүйесі  ең қауіпсіз және  үнемді болып табылады.

Бұл жүйе +35 градус температураға дейін қыздыруға мүмкіндік береді. Құрылғының қызмет ету мерзімі - 50 жыл. Құны - 81-ден 180 мың теңгеге дейін, ол 3-4 жылыту маусымында өз өзін ақтайды. Бу тамшыларымен жылыту батареяларын пайдалану үшін, оны тек желіге қосса жеткілікті.

- Қазіргі таңда заманауи жылыту құрылғылары әлемнің  12 елінде сұранысқа ие. Ал, заманауи жылыту құрылғылары Қазақстан нарығында 2014 жылдан бастап. Петропавл қаласында шығарылады. Бүгінде 35 мыңнан астам қондырғы жұмыс істейді. Келер күзде Павлодарда пилоттық жоба іске қосылады, суық ауа райының басталуымен екі көп қабатты тұрғын үйде заманауи жылу жабдықтарын қолдану тәжірибесі іске қосылады, - дейді «Страж» компаниясы директорының стратегиялық дамыту бойынша орынбасары Антон Макаров.

Прочитано: 853 раз