ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2018-08-22 15:27:21 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРДА СӘУЛЕТ-ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ КЕҢЕСІНДЕ ЖАҢА КОФЕХАНАНЫҢ ЭСКИЗДІК ЖОБАСЫН БЕКІТТІ

Жақында  Павлодардың орталық жағалауында  жаңа ерекше кафе ашылмақ. Аталмыш жоба қаланың сәулет және қала құрылысы кеңесі отырысында мақұлданды. «Чайкоffский» кафесі жыл бойы жұмыс істейтін болады. Онда велосипедке тұрақ, қасбетін жарықтандыру, қоқыс жәшіктері, ыңғайлы орындықтар және халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарына пандустар қарастырылған.

- Павлодарлықтар үшін көше кафесі жаңа құбылыс емес, бірақ та жоғарғы жағалауда орналасқан бұл архитектуралық құрылым қала тұрғындарының сүйікті орнына айналатынына сенімдімін. Бұл ойды Мәскеу әріптестерімізден алдық, - дейді кәсіпкер Арман Қасенов.  

Кафе келушілерге өздерімен бірге алып кете алатын кондитерлік өнімдер, шай, кофе, алкогольсіз сусындар ұсынатын болады.

Прочитано: 709 раз