ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2018-08-22 18:41:09 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП КҮМПЕКЕЕВ ӘНУАР ҚАЙЫРГЕЛДІҰЛЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Облыс орталығының жаңа басшысын Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов таныстырды.

Қазақстан Республикасы әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Павлодар қаласының әкімі болып Күмпекеев Әнуар Қайыргелдіұлы тағайындалды.

Өңір басшысы жаңа қызметте табыстар тілеп, жаңа әкімге өндірістік Павлодар қаласы тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын арттыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын тиімді және уақтылы орындауды тапсырды.

Әнуар Қайыргелдіұлы 1984 жылы туған. 2005 жылы М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін экономика бакалавры біліктілігі бойынша тәмамдады. 2007 жылы Бредфорский (Ұлыбритания) университетіндегі экономикалық саясаттың магистрі дәрежесін алды. 2016 жылы- Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін тәмамдады. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі болып табылады.

Еңбек жолын 2005 жылы Қазақстан  Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика және қаржы департаментінің жетекші маманы болып бастады, Астана қаласы. 2007 жылдан бастап 2008 жылдар аралығында Маркетинг және коммерциялық департаментінің директоры, «ҚР Биотехнология ұлттық орталығы» РМК  стратегиялық даму департаментінің директоры, Астана қаласы.

2008 жылдан бастап 2009 жылдар аралығында коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарда қызмет етті, Астана қаласы. 2009 жылдан бастап 2012 жылдар аралығында Ғылыми-техникалық  саясат және нормалау департаментінің директоры, «Тұрғын үй шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарушы директоры – Басқарма мүшесі, Астана қаласы. 2012 жылдан бастап 2015 жылдар аралығында Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімінің орынбасары. 2015 жылғы мамыр айынан бастап Ақмола облысы Степногорск қаласының әкімі лауазымын атқарды.

Прочитано: 1797 раз