ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-08-23 14:41:16 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ЖҰМЫССЫЗ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Павлодар қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы тегін қысқа мерзімді кәсіптік білім алуға  шақырады. Білім алушыларға 16759 мың теңге көлемінде шәкіртақы қарастырылған. Қабылдау келесідей мамандықтар бойынша жүргізіледі: «Тігінші» (полипропиленді қаптаманы тігу), темір ұстасы – сантехник, медбике (біліктілікті арттыру), ұста, техник-құрылысшы, автокөлік жөндеу ұстасы.

Оқу аяқталғаннан кейін жаңа мамандық алғаны жөнінде куәлік беріледі және Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасуға көмек көрсетеді.

Толығырақ ақпарат алу үшін келесі мекен-жай бойынша жүгінуіңізге болады: Ак. Бектұров көш., 115. 215485.