ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих

МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ШЫҒЫП ҚАЛҒАН ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ОРНЫНА САЙЛАУ ӨТКІЗУДІ ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ

2018-09-03 17:33:05 МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ШЫҒЫП ҚАЛҒАН ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ОРНЫНА САЙЛАУ ӨТКІЗУДІ ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ (2018 ж. 28 қазанда)

Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

 

2018 жылғы «27» тамыздағы

№ 158 

ҚАУЛЫСЫ

 

Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткізуді тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 101-бабының 4-тармағына, 113-бабының 1-тармағына сәйкес облыстық аумақтық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Павлодар облыстық мәслихатының № 14 Кутузов сайлау  округі, № 22 Алюминстрой  сайлау округі, Баянауыл аудандық мәслихатының № 4 Майқайың сайлау округі, № 7 Қызылтау сайлау округі және № 8 Күркелі сайлау округі, Тереңкөл аудандық мәслихатының № 4 Качир сайлау округі, Успен аудандық мәслихатының № 10 Надаровка сайлау округі және № 12 Галицкое сайлау округі, Шарбақты ауданының мәслихатының № 1 Александров сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттардың орнына 2018 жылғы 28 қазанда сайлау өткізу тағайындалсын.  

2. 2018 жылғы 28 қазанға тағайындалған мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткізудің негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін (қосымша берілген).

3. Тиісті аумақтық сайлау  комиссиялары шығып қалған депутаттардың орнына сайлау өткізу тағайындалғаны туралы хабарламаны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

4. Осы қаулы № 14 Кутузов сайлау  округі, № 22 Алюминстрой сайлау округі бойынша облыстық мәслихаттың, Павлодар қалалық және Баянауыл, Тереңкөл, Успен,  Шарбақты  аудандық аумақтық сайлау комиссияларына, Павлодар қаласы, Баянауыл, Тереңкөл, Успен, Шарбақты аудандары  әкімдеріне «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының тәртіптеріне сәйкес  сайлауды өткізуді ұйымдастыру және өткізу үшін жіберілсін.

 

Облыстық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                            Г. Аманжолова

 

Облыстық аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                 М. Қалиева

Прочитано: 601 раз