ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2018-09-05 09:15:03 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Алдағы 2018-2019 жылғы жылыту маусымына дайындық барысында «Павлодар жылу желілері» ЖШС жылу жабдықтары мен желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Қаланың солтүстік бөлігінің ТЭЦ-2 аумағында гидравликалық сынақтардың,  жоспарлы және жоспардан тыс күрделі жөндеу, ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуі себебінен және де аталмыш ақауларды жою шараларының жүргізілуіне байланысты 629 көп қабатты тұрғын үй ыстық судан ажыратылды. Жоғарыда аталған нысандарды жылу желілеріне қосу жөндеу жұмыстарының, сынақ нәтижелері және ақауларды жойғаннан кейін жүзеге асырылады. Тұрғын үйіңіздің жылу желілеріне  қосу туралы ақпаратты Павлодарэнерго http://pavlodarenergo.kz/ ресми сайтынан көруге болады.

Прочитано: 684 раз