ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-09-05 14:21:16 Қала жаңалықтары
МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ 30 ТҮРІН ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ АЛУҒА БОЛАДЫ

Павлодар қаласының әкімдігінде қаланың жергілікті атқарушы органдары үшін үшінші тұлғалардың сервисі және телеграм-бот тақырыбында оқыту семинар өткізілді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ өкілінің мәліметінше жаңа бағдарлама мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуда қолжетімді және жеңіл. Мемлекеттік қызметті көрсетушілер ХҚКО-ға келместен және үйден шықпай-ақ ЭСҚ арқылы онлайн режимде 30-ға жуық мемлекеттік қызметтерді ала алады және бұл мемлекеттік қызметтерді көрсетушілердің қызметті алушылармен байланысын шектейді. Сондай-ақ, Telegram қосымшасын ұялы телефонға (App Store немесе Play Market) жүктей отырып, ЭСҚ-ны пайдаланбай  электронды мемлекттік қызметтерді алуға болады.

Аталмыш семинар қаланың барлық мемлекеттік мекемелерінің, сонымен қатар ведомстваға  бағынышты ұйымдардың өкілдері үшін өткізілді.